Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
2672 0 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 15:34

Астанада бораннан әуе рейстері кешігіп, мектепте сабақ тоқтады

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығы салдарынан әуе рейстері кестедегі уақытынан кешікті.

"Ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қауіпсіздік мақсатында барлық рейстер белгісіз уақытқа шегерілді" деді Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжанов. Оның сөзінше, дүйсенбі, 27 қаңтарда желдің жылдамдығы секундына 24 метрге жеткен.

Бұған қоса, қаладағы мектептері мен колледждерде сабақ уақытша тоқтады.

Ауа райының бұзылуына байланысты, 27 қаңтарда елдің тоғыз облысында жол жабылды.

Нұр-Сұлтанның төтенше жағдай департаменті тұрғындарға қала аумағынан шықпауға, ауа райы мен енгізілген шектеулер жайлы ақпаратты назарда ұстауға кеңес берді. Қалада төтенше жағдай жарияланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2019