Сенбі, 21 Желтоқсан 2024
Анық 5902 5 пікір 29 Қаңтар, 2020 сағат 18:30

Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастары тоқтайды

Қазақстан Қытаймен арадағы әуе, авто және теміржол қатынастарын тоқтатты. ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия осындай шешім қабылдаған.

1. 2020 жылдың 29 қаңтарынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы жолаушылар тасымалдайтын автобус қатынастары,

2. 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы барлық жолаушылар пойыздары,

3. 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап Қазақстан мен ҚХР арасындағы әуе асымалдары тоқтатылады.

4. ҚХР азаматтарына виза беру тоқталды.

5. ҚХР Дунгуан қаласында өтуі тиіс Халықаралық теннис Федерациясы Кубогының іріктеу кезеңін Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы өтініш қанағаттандырылмады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1939