Еркеғали Рахмадиевтің естелігі
Композитор Еркеғали Рахмадиевтің естелігінен:
Ғабит Мүсірепов баяғыда, отыз жетінші жылдарда, қазақтың ардагер азаматтарының басына күн туып, әркім өзді-өзін ғана қорғаштаған қысталаң шақта: "Би ағам жау болса, мен де жаумын" деп, өз басын қауіп-қатерге тігіп, Бейімбет Майлинге ара түскен ғой. Сол үшін оны партиядан шығарып жіберген.
Анада біреу сұрақ қояды, осы елдің бәрін ұстап жатқанда Ғабит қалай аман қалды деп. Оның ар жағында ол неге ұсталмады, ол неге атылып кетпеді деген сұрақ тұр ғой. Ғабиттің тірі кезінде, онан мен "сен неге аман қалдың?" — деп сұрақ қоюға қақым жоқ, әрі ұят қой. Оның үстіне өте қиын сұрақ.
Кейінірек, өзім министр болып жүрген кезімде әдейілеп КГБ-ның архивімен біраз таныстым. Онда сол кездегі жазушылардың арасындағы жағдай, кімнің үстінен кімдер арыз жазды деген тұрғыдағы тізімдер бар. Бірін-бірі көрсеткендер ішінде Ғабең жоқ.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz