Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3859 1 пікір 30 Қаңтар, 2020 сағат 12:05

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны алты мыңға жетті

Қытайдың Хубэй провинциясында соңғы бірнеше тәулікте коронавирустың жаңа түрінен 26 адам қаза тапты. Осылайша жұқпалы вирус 132 адамның өмірін жалмады.

Вирустан қаза тапқандардың дені - қарт кісілер, олардың денсаулығы нашар болған. Бұл туралы South China Morning Post газеті хабарлады.

Бұған қоса, бір тәуліктің ішінде 1459 адам вирус жұқтырғаны анықталып отыр. Қытайда барлығы алты мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған.

Осылайша, коронавирус жұқтырғандар саны 2002-2003 жылы а типті пневмония көрсеткішінен асып түсті. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, сол кезде Қытайда вирустан 349 адам қаза тауып, оны 5327 адам жұқтырған.

Қытай дәрігерлері жаңа коронавирустың таралу ауқымы алдағы он күнде ең биік шегіне жетеді, одан соң жағдай тұрақталуы тиіс. Дегенмен Гонконг университетінің мамандары бұл мерзімді сәуір-мамыр айлары деп атаған.

Коронавирус Қытайдан бөлек, Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Германия, АҚШ, Франция және басқа да елдерде тіркелді. Көптеген ел Қытайдың Ухань қаласынан азаматтарын эвакуациялағысы келеді.

Сәрсенбі күні таңертең Ухань қаласынан 240 америкалық мінген ұшақ ұшып шықты деп хабарлады Associated Press. АҚШ үкіметі америкалық дипломаттар мен азаматтарды Ухань қаласынан шығару үшін ұшақ жалдаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031