Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1889 0 пікір 16 Қыркүйек, 2011 сағат 05:47

Маусымаралық кезеңде көкөніс қымбаттамайды, деп уәде етті «Алматы» ӘКК

Алматы. 16қырқүйек. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Алматыда маусымаралық кезеңде жеміс-көкөніс бағалары қымбаттамайды, деп мәлім етті «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының (ӘКК) басқарма төрағасы Керімжан Бижанов.

«Былтыр қыста баға өте қымбат болды. 2010 жылы Ресейде құрғақшылық болып, ресейліктер азық-түлік өнімдерін Қазақстаннан сатып алды. Біздің өндірушілеріміз де өз өнімдерін ішкі нарықтағы бағамен сатқаннан гөрі қымбат бағамен сатуға мүдделі болды. Биыл бізде өнімді жыл, көрші елдерде де солай. Сондықтан биыл картоп, қырыққабат, сәбіз бен пияз былтырғыдан 20-30%-ға арзан сатылады», - деп түсіндірді К.Бижанов сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК басқарма төрағасы корпорация маусымаралық кезеңде жеміс- көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін «тауарлық-бағалық интервенция» жасауға дайын екенін жеткізді.

«Бағаны тұрақтандыру бағдарламасын жүзее асыру үшін «Алматы» ӘКК жылдың басында Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерімен жалпы құны Т1,8 млрд болатын 26 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдерінің жеткізілімдері туралы келісімшарттар жасасты. Оларды сату ӘКК-нің жеке желісі арқылы да (2011 жылдың соңына дейін корпорацияның көтерме-бөлшек сауда желісінде 1000 сауда нүктесі кіреді), қаланың белгілі сауда желілері арқылы да жүзеге асырылады», - делінген ӘКК ақпаратында.

К.Бижановтың айтуынша, «Алматы» ӘКК әлеуметтік маңызы зор көкөніс түрлерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақты ұстауға арналған өнімдерді арнайы көкөніс қоймаларына жинақтау жұмысын бастады. Бұл өнім қалада баға күрт өскенде төмен бағамен сатылатын болады.

Сондай-ақ, «Алматы» ӘКК басқарма төрағасы биыл қала әкімдігі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету үшін Т1 млрд 850 млн бөлгенін хабарлады. Азық-түлік қауіпсіздігіне республикалық бюджеттен Т1 млрд 550 млн бөлінген, бұл қаржыға картоп, жарма өнімдері, қант, өсімдік майы сатып алынады.

«Яғни, басты азық-түлік өнімдері биыл молынан болады. Сондықтан биылғы жылы азық-түлік бағасы қымбаттайды деп алаңдамауға болады», - деп сендірді К.Бижанов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543