Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3019 0 пікір 3 Ақпан, 2020 сағат 11:30

Уханьнан 18 қырғызстандық эвакуацияланды

Қырғызстан 2 ақпанда Қытайдың Ухань қаласындағы 18 азаматын алып келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Мекеменің мәліметіне қарағанда, олар Бішкекке қазақ тараптың көмегі арқасында арнайы бортпен Нұр-Сұлтан қаласы арқылы жеткізілген.

Олардың денсаулығы әуежайда тексеріліп, Бішкек шетіндегі ауруханаға жатқызылған. Олармен қазір тек дәрігерлер ғана байланыста.

Соңғы мәліметке қарағанда, Қытайда жаңа коронавирустан 304 адам көз жұмып, вирусты жұқтырғандар саны 15 мың адамға жеткен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1 ақпанда мәлімдеме таратып, барлық елдерді коронавирустың жайылуына дайын болуға шақырды.

Соңғы екі күнде Ресейде, Ұлыбританияда және Швецияда вирусты жұқтырған адамдар тіркелді. АҚШ мен Австралия соңғы екі аптада Қытайда болған адамдарды еліне кіргізуге уақытша тыйым салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1515
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3285
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5840