Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2632 1 пікір 4 Ақпан, 2020 сағат 12:31

ОПЕК мұнай өндіруді қысқартуды жоспарлап отыр

Мұнай экспорттаушы мемлекеттердің ұйымы (ОПЕК) өндіріс көлемін тәулігіне жарты миллион баррельге дейін қысқартуды қарастырып жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі ОПЕК елдеріндегі дереккөзге сүйеніп жеткізді.

Ақпаратқа қарағанда, мұндай шара коронавирустың жайылуынан мұнайға сұраныстың төмендеп кетуімен байланысты.

Бұл мәселе бойынша Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы мен Ресей 14-15 ақпан күндері шұғыл жиналыс өткізуді жоспарлап отыр.

2020 жылдың басынан бері мұнай бағасы 10 долларға түсіп, қазір бір баррель 56 долларды құрайды.

Сарапшылар Қытайдағы коронавирустан 2020 жылдың алғашқы тоқсанында мұнайға сұраныс тәулігіне төрттен бір миллион баррельге дейін азаяды деп болжайды.

The Wall Street Journal басылымының жазуынша, бағаны түсірмей ұстап тұру үшін Сауд Арабия мұнай өндіруді тәулігіне 1 миллион баррельге дейін қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өз кезегінде Reuters агенттігі бұл болжамды тексеруге мүмкін болмағанын білдіреді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2037