Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4010 1 пікір 7 Ақпан, 2020 сағат 17:07

Қазақстанда Өзбек АЭС-нің жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

МАГАТЭ-нің халықаралық ережелері мен талаптарына сәйкес, жақында Өзбекстан аумағында және оған көршілес елдерде, соның ішінде Қазақстанда Өзбек АЭС-нің қоршаған ортаға әсері жөнінде қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Бұл туралы Өзбекстан энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстанның энергетика министрлігінде 5 ақпанда Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бастаған делегациямен кездесу өтті.

"Қазақстан жағы көрші елдің атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану үшін қолға алған шараларына оң баға берді" делінген өзбек министрлігінің хабарламасында. Кездесу нәтижесінде тараптар осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге келісті.

"Росатом" бас директоры Алексей Лихачев "Россия 1" телеарнасына берген сұхбатында Өзбекстандағы АЭС іргетасының құрылысы 2020–2021 жылдарға жоспарланғанын айтқан.

Өзбекстан энергетика министрі Әлішер Сұлтановтың хабарлауынша, АЭС 1200 гидроагрегаттан тұрады, оның әрқайсының қуаты - 1200 МВт. Алғашқы қуат блогы 2028 жылы, екіншісі - 2030 жылға қарай іске қосылады.

АЭС құрылысына қанша қаражат жұмсалатыны, оны кім төлейтіні әзірге белгісіз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048