Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
4374 6 пікір 12 Ақпан, 2020 сағат 15:54

"Роскосмос" 2020 жылы Байқоңырдан 18 зымыран ұшырады

Роскосмос 2020 жылы Байқоңыр ғарыш айлағынан шамамен 18 зымыран ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин мәлімдеді.

Рогозиннің айтуынша, Восточный мен Плесецк ғарыш айлағынан және Француз Гвианасындағы Куру космодромынан да зымыран ұшыру жоспарланған. Алайда, ол Байқоңырға басқалардан көп жүк болатынын айтты.

«Байқоңырдан шамамен 18 зымыран ұшырылады. Бұл өте көп», - деді ол.
Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсан айының соңында Ресей ғарыш агенттігі ТАСС-қа "2020 жылы Ресей 40-тан астам ғарыш зымырандарын ұшыруды жоспарлап отыр" деп мәлімдеді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1342
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 995
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 927