Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына сапар
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жолға шыққан үгіт-насихат пойызы тоғыз жолдың торабында орналасқан шежірелі мекен Қандыағаш қаласына келді.
Қаланың темір жол вокзалында әдеттегідей Астанадан бастау алып, елорданың ыстық сәлемімен бірге жанашырлық ілтипатын ала келген пойызды қарсы алу салтанаты өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімінің төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Балғали Ордабаев, Мұғалжар ауданының әкімі, партияның аудандық бөлімінің төрағасы Серік Шанғұтов пен арнайы пойыздың мүшелері қатысып, сөз сөйледі. Салтанатты шарадан кейін құрамында «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының, Әділет, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Туризм және спорт министрліктері мен Ұлттық банктің қызметкерлері бар керуен-пойыздың мүшелері өз салалары бойынша аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мәселелерін шешу үшін қабылдаулар жүргізуді жалғастырды.

Мұғалжар ауданы 1997 жылы бұрынғы Октябрь және Мұғалжар аудандарын біріктіру нәтижесінде құрылған аудан. Оның жер көлемі 27,8 мың шаршы км., халқының саны - 67,4 мың адам. Ауданда 3 қала, 12 ауылдық округ бар. Қай жерде болса да әрбір азаматтың жеке басының проблемалары, көптен бері шешілмей жатқан мәселелерінің болатыны жасырын емес. Сондықтан аудан тұрғындары Елбасының бастамасымен жолға шыққан «Менің Қазақстаным» пойызын таңертең ертемен темір жол вокзалында қарсы алып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін шешу үшін аудан орталығында өткізілген барлық іс-шараға қатысты. Бұл кездесулерде азаматтарға зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек, әлеуметтік сақтандыру, заңдық және банктік қызмет көрсету мәселелері бойынша жауаптар берілді. Мәселен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде зейнетақыны көтеру, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерге көмек көрсетуге байланысты мәселелер қаралды. Оның ішінде, зейнет жасын азайту, зейнетақысын көбейту, кезінде денсаулығына байланысты зейнетке ерте шыққан азаматтарға жеңілдіктер беру мәселесі көтерілді. Кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары азаматтардың барлық өтініштерін қарап, оларға тиісті жауап берілетінін жеткізді. Осы жерде аудан тұрғындары министрліктің мамандарына өтініштерін айтып қана қоймай, ауданда жұмыспен қамту, мүгедектердің мәселесін шешуде істелініп жатқан жұмыстарға тоқталып, балалары мен немерелерінің жұмыссыз жүрмей, еңбекақысын алып, ел қатарлы азамат болып қалыптасып жатқандарын айтты. Соған ризашылықтарын білдірді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айдынғали Шотовтың айтуынша, ауданда жұмысқа жарамды 37 000 адам болса, соның ішінде жұмыссыз жүргендері 109 адам. Бұл аудан бойынша 0,7 пайызға тең. Қазір осы азаматтарды жұмыспен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Мүгедектерге 50 пайыз жеңілдік беріліп отыр. Облыста 1,2,3 топтағы мүгедектерге ай сайын 3 000 теңге көлемінде көмек беріледі. Сонымен бірге облыс бюджетінен соғыс ардагерлеріне теңестірілген, олардың жесірлері мен ауған соғысы мен тыл ардагерлерінің коммуналдық қызметі 50 пайыз жеңілдікпен төленсе, соғыс ардагерлерінің коммуналдық қызмет ақысы 100 пайыз облыс бюджетінен төленіп келеді.
Осы күні «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөлімінде азаматтар көбіне баспана мәселесі бойынша өтініштерін айтса, аудандық ауруханада тұрғындарға дәрігерлік көмек көрсетілді. Әділет министрлігі мен Ұлттық банктің қызметкерлерімен кездесуде де азаматтар өздеріне тиесілі жауаптарын алды.
Осыдан кейін Қандыағашта Олимпияда чемпиондары Ермахан Ыбырайымов пен Юрий Мельниченко бапкерлермен және спортшылармен кездесіп, балаларға шеберлік кластарын көрсетсе, аудандық мәдениет үйінде «Балалық шағымның аспаны» көркем фильмі мен «Бәйтерек» деректі фильмі көрсетілді.
Кешке қарай іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.