Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
3825 8 пікір 17 Ақпан, 2020 сағат 11:24

Өзбекстан: Әндіжан оқиғасында билік бейбіт тұрғындарға оқ атты

Өзбекстан бас прокурорының орынбасары Светлана Артыкова 2005 жылдың 13 мамырында Әндіжанда елдің қарулы күші елге оқ атқанын мойындады. Сол кезде билік бұл оқиғаны террорлық әрекет деп сипаттаған.

Артыкова qalampir.uz басылымына берген сұқбатында адамдарға оқ атуға жауапты болған бірқатар шенеуніктер жазаға тартылғанын айтты. Бірақ олардың кімдер екенін айтпады.

Қазіргі күнге дейін өзбек билігі Әндіжанда бейбіт митингіге шыққандарды содырлар өлтірді деп айтып келді.

2005 жылдың 13 мамырында Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы қанды оқиға кезінде ресми мәлімет бойынша 187 адам өлген. Халықаралық қауымдастық Әндіжан оқиғасы бойынша тәуелсіз тексеруді талап етті. Бірақ өзбек билігі келіспеді.

Сол күні жергілікті тұрғындар демонстрацияға шығып, Өзбекстанда тыйым салынған "Акрамий" қозғалысының мүшесі, діни экстремист деп танылған 23 адамды абақтыдан босатуды талап еткен. Олар сонымен бірге елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайға наразылығын жеткізген.

Әндіжанда қантөгіс басталғаннан кейін, жүздеген тұрғын Қырғызстанға бас сауғалаған. Көбі Қырғызстан арқылы шетелге қашқан.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов көз жұмғаннан кейін, режимның қатал саясаты жұмсарып, бұл оқиғаға қатысты бірқатар фактілер ашыла бастады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2088