Бейсенбі, 19 Қараша 2026
Жаңалықтар 228 0 пікір 19 Қараша, 2026 сағат 19:16

Цифрлық егемендік - жаңа даму моделі...

Сурет: ЖИ арқылы жасалған / baq.kz.

Кезінде «Цифр жылы» жарияланып, цифрландыру мен жасанды интеллект мемлекеттік саясаттың басты векторына айналғандығын жақсы білеміз.

Бұл дер кезінде елімзде орынды қолға алынған қадам болды. Осы арада бөле-жара йататын дүние: дәл қазір әлем жаңа технологиялық бөліністің қарсаңында тұрғандығын еш жоққа шығара алмаймыз. Біз сөз еткен осы бөліністің түп негізінде жасанды интеллект, үлкен деректер, ғарыш технологиялары және киберқауіпсіздік жатыр. Тілге тиек етіп отырған аталған бағыттарда артта қалған ел тек технология импорттаушыға айналатын болса, ал мемлекеттік тұрғыжан дұрыс стратегия таңдаған ел жаңа экономиканың белсенді қатысушысына айналады.

Қазақстан үшін бұл — зиялы һәм технократ қауымының өңешті жырта жар саласытн, жаға жыртысатын теориялық пікірталас алаңы емес. Елдің аумағы, ресурстық әлеуеті, көлік-логистикалық орны және жас буынның цифрлық білімге деген қызығушылығы оның технологиялық дамуға нақты мүмкіндігі бар зор ғалам кеңістігі екенін көрсетеді.

ЦИФРЛАНДЫРУ: СЕРВИСТЕН ЖҮЙЕГЕ ДЕЙІН

Цифрландырудың бірінші кезеңі — еліміздегі қызметтерді онлайнға көшіру болып табылады. Екінші, яғни, оданда маңыздырақ кезең — мемлекеттік басқарудың ішкі процестерін цифрлық логикаға көшіру болып саналады.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді болғаны туралы дерек бар, ал ЖИ ассистенттері екі миллионнан астам сұранысты өңдегенін БАҚ жақсы білеміз.

Цифрландырудың мақсаты — құжат санын азайту ғана емес. Сонымен қатар, оның басты міндеті — шешім қабылдау сапасын арттыру болып саналады.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ХАЙПТАН НӘТИЖЕГЕ

Жасанды интеллект — көз жұма табынатын әмбебап шешім емес. Ол —жан-жақты ойластырылып жасалған нақты мәселені шешуге арналған технология болып саналады. Сондықтан ЖИ енгізудің басты тікелей қойылар сұрағы: «Бұл технология қандай нақты мәселені шешеді?» деуден тұрады.

Қазақстанда ел билігі заманы аңысынан көш кейін қалмай, ЖИ мемлекеттік басқаруға жүйелі түрде енгізіле бастады. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы білім беру мен мемлекеттік басқаруды ЖИ негізінде трансформациялауға мүмкіндік берді.

Инновация туралы айтқанда, көбіне бәріміздің көз алдымызға стартап, хакатон немесе технопарк елестейді. Бұлар қанда жерден маңызды болса да, бәрі бір түптеп келгенде олар — бар болғаны құрал ғана. Нақты инновация — идеяның не ұлттық, не әлемдік нарыққа шығып, адамдардың өмірін өзгерткенде ғана пайда болады.

ҒАРЫШ: ЖЕРДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЖАУАБЫ

Жасырып жабары жоқ, Ғарыш саласы өз арамызда көбіне ғылыми-фантастикалық бағыт ретінде қабылданады. Шынында, ол бүгінгі таңда біздің күнделікті өмірімізбен тікелей байланысты болып отыр. Жерсеріктік деректер ауыл шаруашылығын, экологияны, көлікті, телекоммуникацияны және төтенше жағдайларды басқаруда қолданылады.

Қазақстан үшін ғарыш — тек кеуде қаға мақтанатын ұлттық мақтаныш емес. Сонымен бірге, берер табысы көл-көсір — стратегиялық ресурс екенлігіне айқын көзіміз жетіп отыр.

Ғарыш саласын дамытудағы басты міндет — ұшыру мүмкіндігін ғана емес, деректерді өңдеу және оны нақты салаларға енгізу қабілетін арттыру болып та табылады. Бұл орайда ЖИ, үлкен деректер және ғарыш технологиялары бір-бірін толықтырады.

КИБЕРҚАУІПСІЗДІК: ЦИФРЛЫҚ ЕГЕМЕНДІКТІҢ НЕГІЗІ

Цифрландыру ел тірлігіне неғұрлым тереңдеп енген сайын, киберқауіп те ғарыш жылдамдығымен өседі. Деректер онлайнқа көшкен сайын, оларды қорғау — тек техникалық мәселе емес, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесіне басы бүтін айналады.

Қазіргі таңда елімізде цифрландыру мен ЖИ дамуының қатарында киберқауіпсіздікті күшейту де маңызды бағыт ретінде атала бастады. Алайда киберқауіпсіздік — тек firewall немесе антивирус орнату емес. Бұл — адам, процесс және технологияның үштігінің кіріге біріккен тұғырластығы болып саналады.

Қазақстан соңғы жылдары осы бағыттарды жүйелі дамытуға бет бұрды. Astana Hub сияқты инновациялық алаңдар, жерсеріктік мониторинг жобалары және киберқауіпсіздік саласындағы жаңа тәсілдер елдің технологиялық дамуының негізін қалыптастырды. Алайда ұлт алдында тұрған басты міндет — жеке жобалар санын емес, олардың нақты экономикалық нәтижесін арттыру болып отыр.

Abai.kz

0 пікір