Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
3908 0 пікір 17 Ақпан, 2020 сағат 13:47

«Бақталас» мелодрамасы көрерменге жол тартады

17 ақпан, яғни бүгіннен бастап, «Хабар» телеарнасынан «Бақталас» мелодрамасы көрерменге жол тартпақ. Танымал қазақстандық режиссер Қанағат Мустафиннің туындысы -  көшпенділердің ғасырлық таласы, шынайы батылдық, шабандоз бен оның тұлпары арасындығы адалдық, жақсылық пен жамандықтың арпалысы айналасында өрбиді. 

«Біздің Көкпар жайлы хикаяны көргеннен соң, кемінде 60-70 азаматтың көкпар ойынына деген қызығушылығы пайда болса, біздің мақсатымыз орындалды деген сөз. Көкпар – спорт қана емес, ол – жеңіліс ащылығы мен жеңістің қуанышы орын табатын өмір салты іспетті», - деп айтып өтті режиссер Қанағат Мустафин. 

Жобаның басты мақсаты – дәстүрлі спорт түрлерін өскелең ұрпақ арасында насихаттау. Телехикая Қазақстан қоғамының қазіргі мәселелерді өзекке ала отырып, сценарий желісіндегі басты образды сомдаушы   кейіпкер мен оның айналасындағы адамдардың шынайы өзгергендерін көрсетеді. Телехикаяда - эмоция, шынайы махаббат, отбасы мен достық, патриоттық сезім сынды әр түрлі адами құндылықтар көрініс тауып отырады. 

Басты кейіпкер - Қайсар атты азамат. Ол – талантты спортшы, Көкпардың шебер ойыншысы. Кезекті сайыста жеңіске қол жеткізіп, бай отбасынан шыққан сұлу бойжеткенмен танысады. Оны өмірлік махаббаты ретінде қабылдап,  бойжеткеннің көңілінен шығу үшін, қиындықтар мен көптеген қателіктерге бой алдырады. Өмірден түңіліп, әрі қарай не істерін білмейді. Өмір оны аямай қинайды...Жалғыз ғана шешім – көкпардың соңғы жарысында жеңіске жету. Қайсарға жеңіске жету үшін қанша күш-жігер қажет? Ол мақсатына жете ме? Осы сауалдардың жауабын білгіңіз келсе - «Бақталас» телехикаясын 17 ақпан, бүгіннен бастап «Хабар» телеарнасынан, сағат 20.00-де тамашалаңыздар.

Басты рөлдерді талантты актерлер – Абзалбек Максим, Асылхан Төлепов, Бақытжан Әлпейісов, Шынар Жүнісбекова, Айдос Әуесбаев, Мақпал Қасенова, Ғани Құлжанов, Тимур Макажан, Жазира Еркін, Олжас Әлжанов ,Айгүл Қыдырбаева және т.б. актерлер сомдайды.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2085