Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
2492 5 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 11:28

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін кеңінен талқылаған кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі,  Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы, этнодизайнер, Президенттің "Алтын сапа" сыйлығының иегері,  "Құрмет" орденінің кавалері, қоғам қайраткері - Ырза Тұрсынзада және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі - Арман Бердалин мен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов облыс активімен кездесу өткізді.

Мәжіліске жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ырза Тұрсынзада - мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты құқықбұзушылықтың алдын алуға, парасатты қоғам құруға бағытталғандығын хабарлап, департамент қызметкерлерін өз қызметтеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен тиімділігін арттыру үшін барлығымыз  атсалысуымыз қажет екендігін баяндап өтті.

Сонымен бірге,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ресми өкілі Арман Бердалин - азаматтар мен мемлекеттік институттарды сыбайлас жемқорлықтан қорғайтын ашық, кәсіби және тиімді мемлекеттік органы болу үшін аянбай жұмыс істеп, барлық күш-жігерін салу қажеттігін хабарлады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2092