Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2058 0 пікір 23 Қыркүйек, 2011 сағат 05:59

Ардақ Нұрғайдар. Ашық хат кімдердің қытығына тиіп жатыр?

«Правда Казахстана» басылымының 15-қыркүйектегі санында ақын, романист, сценарист, либреттист, хореограф  деп таныстырылаған Дүйсенбек Нақыпов есімді азаматтың «Кому нужен разрушенный Вавилон?» атты мақаласы жарық көріпті. Автор мақаласын «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын» деген әйгілі ашық хатқа қол қойған, тізімдегі 138 адамның басында тұрған ақын, қайраткер Мұхтар Шахановқа шүйлігуден бастапты. «Не знаю, какой бес попутал Мухтара Шаханова, но я по-настоящему поражен его популисткому шедевру. Никто не оспаривает значения поэзии почтенного мэтра, однако стоит задуматься о причинах, побудивших его инициировать это странное, чтобы не сказать антиконституционное письмо» деген Дүйсенбек Нақыпов мырза мәселенің түбіне терең бойлай алмайтынын көрсетіпті. Ұлт жанашырлары бас қосып жариялаған ашық хат орыс тілді басылымдардың нысанасына сол күннен бастап іліккен. Орыстілді баспасөздің сүйенері Дүйсенбек Нақыпов сияқты шала қазақтар. Мұхтар Шахановтың тіл мәселесін көтеріп жүргені тек бүгін емес. Ол тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ тілі үшін күресіп келе жатқан бірден-бір тұрақты тұлға. Ал, қазақ тіліне жаны ауырмайтындар бұған дейін де төбе көрсеткен. Нақыпов солар көтеріп жүрген даңғаза дабыраның үйлесімсіз шертіле салған кезекті «нотасы». Оның айтар уәжі де бұрынғылардікіне ұқсас. Ұлтаралық қатынасқа сызат түседі екен.

«Правда Казахстана» басылымының 15-қыркүйектегі санында ақын, романист, сценарист, либреттист, хореограф  деп таныстырылаған Дүйсенбек Нақыпов есімді азаматтың «Кому нужен разрушенный Вавилон?» атты мақаласы жарық көріпті. Автор мақаласын «Конституцияға қарсы әрекеттер тоқтатылсын» деген әйгілі ашық хатқа қол қойған, тізімдегі 138 адамның басында тұрған ақын, қайраткер Мұхтар Шахановқа шүйлігуден бастапты. «Не знаю, какой бес попутал Мухтара Шаханова, но я по-настоящему поражен его популисткому шедевру. Никто не оспаривает значения поэзии почтенного мэтра, однако стоит задуматься о причинах, побудивших его инициировать это странное, чтобы не сказать антиконституционное письмо» деген Дүйсенбек Нақыпов мырза мәселенің түбіне терең бойлай алмайтынын көрсетіпті. Ұлт жанашырлары бас қосып жариялаған ашық хат орыс тілді басылымдардың нысанасына сол күннен бастап іліккен. Орыстілді баспасөздің сүйенері Дүйсенбек Нақыпов сияқты шала қазақтар. Мұхтар Шахановтың тіл мәселесін көтеріп жүргені тек бүгін емес. Ол тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ тілі үшін күресіп келе жатқан бірден-бір тұрақты тұлға. Ал, қазақ тіліне жаны ауырмайтындар бұған дейін де төбе көрсеткен. Нақыпов солар көтеріп жүрген даңғаза дабыраның үйлесімсіз шертіле салған кезекті «нотасы». Оның айтар уәжі де бұрынғылардікіне ұқсас. Ұлтаралық қатынасқа сызат түседі екен. Дүйсенбек мырза елдің тыныштығын ойлап, хатқа қол қоюшылар Қазақстандағы түрлі ұлттар арасына жік салып отыр екен. Қалай ойлайсыздар, мазасыздық қай кезде болуы мүмкін? Қазақстанның басым көпшілігін құрайтын қазақтар өз жерінде, өскен ортасында туған тілін қолдана алмай  теперіш көргенде ме, жоқ әлде Дүйсенбек мырза ойлағандай басқа ұлттардың қазақ тілінің өркендеуіне наразылығы күшейгенде ғана ма? Біздіңше, алқашқысы. Ашық хатқа қол қоюшылар халыққа үн қату арқылы ұлттар арасындағы араздықтың алдын алып отыр.

Ашық хатқа байланысты  өкпесін автор мақала ортасында тағы көрсетеді: «Давайте подумаем, к кому обращается почтенный мэтр? Мало того, что он ввел в заблуждение часть творческой и общественной элиты, не показав им полного текста письма, но и счел, что он вправе манипулировать мнением других людей, не спросив их истинного согласия...» деген өнер майталманының меңзеп отырғаны орта жолдан тайқып, басын алып қашып отырған бірлі-жарым «экс-қол қоюшылар» болса керек. Бірақ, бірен-саран бас тартып жатқандар бар болғанымен, қол қойғандардың көпшілігі өз көзқарастарынан айныған жоқ. Биліктің сұсы бәрін бірдей бытырата алмады. Ал, Нақыпов сияқтылар «олжа» көріп жүрген Бибігүл Төлегенова, Қыдырәлі Болманов, Ғазиз Алдамжаров, Болат Әбілов секілді құбылмалылар халықтың қатты сынына ұшырап жатыр.

«В результате мы получили не просто популисткое заявление, а подлинную мину замедленного действия под основополагающим принципом нашей страны, где согласие и единство народа основаны на взаимопонимании интересов и толерантности» деп ашық хатты мұқатуын қоймаған Дүйсекең қол қоюшылардың да артында қалың халық бар екенін ұмытса керек. Отанына оралған қандастарымыздың щұбар тілді құжаттық тіркеу органдары мен әкімшіліктерге басын сұға алмай, сабылып жүргенін ескерсе автор басқа күйде болар еді. Қысқасы, қазақ тілін қолдаушылардың аузына қақпақ болғысы келетіндер әлі де баршылық екен. Нұрболат Масанов, Қанағат Жүкешев, енді Дүйсенбек Нақыпов, келесісі кім екен?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435