Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
3695 5 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 13:03

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға сотталды

Сеул қаласының апелляциялық соты елдің бұрынғы президенті Ли Мён Бакты 17 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі хабарлады.

Сот мәліметіне сәйкес, бұрынғы президент бауырының атына тіркелген көлік жабдықтарын шығаратын компанияға иелік етіп, бизнесін дамыту үшін қызметін пайдаланған.

78 жастағы саясаткер осыған дейін аталған іс бойынша 15 жылға сотталған. Бірақ денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты үйқамаққа босатылған.

Енді ол қайтадан жаза мерзімін түрмеде өтейді.

Прокурор бұрынғы мемлекет басшысын 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Саясаткер өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Ли Мён Бак Оңтүстік Кореяны 2008 жылдан 2013 жылға дейін басқарған. Елдің одан кейінгі президенті Пак Кын Хе де түрмеде отыр. Ол да коррупция бойынша айыпталып, 34 жылға сотталған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1395
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2973
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1045
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 974