Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3239 0 пікір 23 Қыркүйек, 2011 сағат 10:34

Думан АНАШ. Міржақып, Жарасбай және Нұртай

немесе тағы да мемлекеттік тіл туралы

Атыңнан айнайлайын Міржақып, Міржақып Дулатұлы баяғыда, арада көп замандар өтіп кеткен уақытта, бір ғасыр бұрын айтып еді бұл сөзді. Өзі «коменес» деп айдар таққан Мыңбайұлы Жалау жолдасқа деп дәлме-дәл адресін көрсетіп тұрып жолдаған еді. Жалау жолдас о кезде кеңестік биліктің тұтқасында отырған-тын.

Ана тілінің атынан сөйлеген еді Міржақып Мыңбайұлына жолдаған осы мүбәрак хатында. Міржақыптарға мұндай мәртебелі құқық жарасады ғой. Олар ұлттың атынан сөйлегенде ұпай емес, ұлы мұраттар үшін ғана сөйлейтін...

«Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.

Енді қандаймын?

Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.

Мен не көрмедім?», - деп басталатын М.Дулатұлының «Қазақ тілінің мұңы» атты мақаласы.

Бұдан әрі: «Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды. Өліде үшбақы болғыр Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды. Мен жылы сөзді, алдымен айналып кетейін, осы күнгі Ахмет деген кісіден естідім. (Байтұрсынов. ред)», - деп жазатын Мәкең қазақ тілінің молдалардың, миссионерлердің, тілмәштардың қолжаулығынан құтылды ма деген үмітінің желге ұшып, босқа қуанғанын айтатын. Айтатын да шала-шарпы жүргізілген кеңестік «қазақыландырудың» зардаптарынан шығар жол іздейтін. Жалау жолдастың «Ауыл тілін» шығарамын, газет нағыз қазақ тілімен жазылады дегеніне іші жыли отырып: «Азар коменес болып кетсең де ата-бабаң қазақ еді ғой, мен солардың тілі едім  ғой, не жазығым бар, ая мені!», - деп түйіндейді.

Ал, бүгінгі күнге келейік.

Әрине, Міржақыптай, Ахметтей аяулы ана тіліне араша сұраған азаматтар жоғалған жоқ. Бірақ, бұл ұлтқа рухани көсем болған тұлғалармен бірге қойды деген бағамды білдірмесе керек.

Бүгінгінің өз Міржақыптары, өз Жалаулары бар...

Кеше Парламенттің төменгі палатасында депутат Жарасбай Сүлейменов биліктің барлық бұтағына ресми кездесулерді, жиындарды қазақ тілінде өткізуге, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуге шақырды. Ел Үкіметінің жетекшісі Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында ол: «Бұдан былай «баршаға түсінікті болсын» деген сылтаумен бөгде тілде шүлдірлей жөнелуден арылу керек. Әсіресе, менің бұл сөздеріме анасының әлдиі құлағында қалмағандар, бесігінде ана тілінің уызына қанбағандар құлақ асып, қиқарланбай түзу жолға түссе деймін. Ардақты ағайын, халқымыздың сарқылмас қазынасы, ең үлкен игілігі - тарихтың өзіндей, бабалардың көзіндей ел бастаған көсемдердің тілі, сөз бастаған шешендердің тілі - қазақ тілін құрметтейік, қазақ болайық, үйде де, түзде де қазақша сөйлейік. Балаларымыз бен немерелерімізді осыған тәрбиелейік», - деді.

Әріптесіне қолдау білдірген депутат Нұртай Сабильянов болса, «Мемлекеттік тілге кім қарсылық көрсетсе, ол Қазақстанның келешегіне де қарсы болғаны» деп салды.

«Мұнда кері кетіп жатқандар негізінен өзіміздің орыстілді қазақтарымыз. Алайда, біз жағдай осылай болды екен деп жүре бермей, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолданысқа  енгізуіміз керек. Мен сіздерді осы мәселені қолдауға шақырамын. Мемлекеттік тілді меңгеру - әр депутаттың міндеті. Егер біз тіл білмесек, халыққа қалай жауап бермекпіз?», - деді Нұртай Сабильянов.

P.S: Иә, «тасты жапалаққа ұрса да жапалақ өледі, жапалақты тасқа ұрса да жапалақ өледі» дегендей бәз баяғы ана тілінің мұңы мұң болып ғасырдан астам уақыт келе жатыр. Колониалдық мәдениет қазақтың елдігін етектен қашанға дейін тартар екен?!..

«Алматы Ақшамы», №111, 22-қыркүйек

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435