Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
4636 8 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 16:29

Бақытжан Бұқарбай Ұлттық кеңестен шығатынын мәлімдеді

Бүгін Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, баспагер әрі қоғам белсендісі Бақытжан Бұқарбай сенім кеңесінен шығатынын мәлімдеді.

Бақытжан мырзаның айтуынша, аталған сенім кеңесі еліміздегі саяси реформаларға ешқандай әсер ете алмайтын ұйым.

Сондай-ақ, ол жағымды өзгерістер үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын, бірақ билік Ұлттық кеңес мүшелерінің пікірін тыңдамайтынын атап өтті.

-Біздің ұсыныстарды ескере отырып, президент Тоқаев жыл соңында саяси реформалардың бірінші пакетін жария етті. Яғни партия тіркеу жұмысын жеңілдету, бейбіт жиын ұйымдастыру үшін хабарлау жүйесіне көшу сияқты оң өзгерістерді заңға енгізу туралы нақты тапсырма берді,- деді ол.

Алайда, Бақытжан Бұқарбай соңғы әзірленген «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасы президенттің тапсырмасына сай болмай шыққанын және ол халықтың, азаматтардың мүддесіне қайшы болып отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар ол:

-Халықтың мүддесіне қайшы әрекеттер мен пиғылдарды заңдастыруға араласқым келмейді, сол себепті Ұлттық кеңестің құрамынан шығатынымды мәлімдеймін,-деді.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Ұлттық сенім кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Кеңес құрамына қоғам белсенділері, саясаткерлер мен журналистер кірді.

Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты - саяси партиялардың, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен қоғамда қордаланған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2085