Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 04:44

Серік Малеев. Антиказахизм немесе өз мемлекетіне қарсы оқ атқандарды кім қаржыландырып отыр?

Жақында «Нұр Отан» партиясының шақыруымен Астанаға барып қайттым. Астанада қазақ тілін дамыту мен насихаттауға қосқан үлесіміз үшін біздің «Алтынорда» сайтына құрмет грамотасы табыс етілді. Сөйтіп, біздің сайт жеңімпаз атанды, бұл жеңісіміз менің ойымша, өте әділетті және орынды. Аз ғана адаммен істеп жатқан еңбегіміз дұрыс бағаланды деп санаймын.

Енді сіздерге, марапаттау қошеметтерінен кейінгі уақытымды астаналық билік дәліздерінде қалай өткізгенімді айтпақпын. Ақорданың шенеуніктері мені қалай қарсы алды, қандай сыймен шығарып салды? Әңгімем осы және өзгеде жайттар турасында болмақ...

Санның  сапаға қалай айналғаны  жайлы

Сонымен, бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілдің жағдай қандай? Журналист болғандықтан аймақтарға жиі барып тұрамын. Қазақстанның батысы мен шығысында, оңтүстігінде қазақ тілінің жағдай бірте-бірте түзеліп келеді. Алматыдан жиырма шақырым шықсаң болды,  қазақ тілінің жай-күйінің жақсарғанын көресің. Астанадағы президент әкімшілігі мен министрліктердің шенеуніктері екі тілде сайрап тұр. Депутаттардың жағдайы біраз нашарлау, есесіне оларға қызмет жасаушылар қазақ тілін күнделікті өмірде жақсы пайдаланады.

Жақында «Нұр Отан» партиясының шақыруымен Астанаға барып қайттым. Астанада қазақ тілін дамыту мен насихаттауға қосқан үлесіміз үшін біздің «Алтынорда» сайтына құрмет грамотасы табыс етілді. Сөйтіп, біздің сайт жеңімпаз атанды, бұл жеңісіміз менің ойымша, өте әділетті және орынды. Аз ғана адаммен істеп жатқан еңбегіміз дұрыс бағаланды деп санаймын.

Енді сіздерге, марапаттау қошеметтерінен кейінгі уақытымды астаналық билік дәліздерінде қалай өткізгенімді айтпақпын. Ақорданың шенеуніктері мені қалай қарсы алды, қандай сыймен шығарып салды? Әңгімем осы және өзгеде жайттар турасында болмақ...

Санның  сапаға қалай айналғаны  жайлы

Сонымен, бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілдің жағдай қандай? Журналист болғандықтан аймақтарға жиі барып тұрамын. Қазақстанның батысы мен шығысында, оңтүстігінде қазақ тілінің жағдай бірте-бірте түзеліп келеді. Алматыдан жиырма шақырым шықсаң болды,  қазақ тілінің жай-күйінің жақсарғанын көресің. Астанадағы президент әкімшілігі мен министрліктердің шенеуніктері екі тілде сайрап тұр. Депутаттардың жағдайы біраз нашарлау, есесіне оларға қызмет жасаушылар қазақ тілін күнделікті өмірде жақсы пайдаланады.

Астанада мемлекеттік тілде сөйлейтін гимназиялар мен бала бақшалар саны өсіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, енді аз уақыттан кейін қазақ тілі де-юре жағдайынан де-факто мәртебесіне жетеді. Сондықтан да осы қалыптасқан жаңа жағдайды бекітетін, яғни, орнына қоятын заң жобасы қажет. Түптің түбінде оның да орындалатынына күмән жоқ. Егер Лениннің сөзімен айтатын болсақ: «жоғары жақ елді ескіше басқара алмайды, төмендегілер ескіше өмір сүргісі келмейді». Елде осы жағдайды байқап отырмыз. Халық өзгерісті талап етеді.

Тас-талқан

Міне, осы жерде таң қалатын жәйттар,  тіпті ыңғайсыз, ұяттау нәрселер шыға бастайды. Белгісіз біреу интернет кеңістігіне тіл туралы заң жобасының жұмысшы мәтінін салып жібереді. Дайындалып жатқан жобалардың ішіндегі ең нашарын салып жіберген! Дереу сол заматта «Русские в Казахстане» деген сайтта ресейлік журналист Максим Акимов дегеннің «Орыстар ояныңдар!» деген мақаласы шыға келген. Сол-ақ екен, сырттан басталған ақпараттық соғыс басталды да кетті. Міне, осы соғыста, мақтап: «орыстілді  БАҚ-нан үлгі алыңдар» деп жүрген орыстілді баспасөз, біздің мемлекеттік мүддемізді қорғайды деп сеніп жүрген ақпарат құралдарымыз бұл соғыста тас-талқан болып жеңіліс тапты. Олар керісінше, зеңбіректерін өзімізге қарсы бағыттап оқты жаудыртсын келіп...

Тек бір ғана орыстілді ақпарат басылымы  -  «Алтынорда» бұл соғыстан жеңіліссіз шықты. Бірақ, жалпы соғыс қорытындысында біз де ұтылдық.

Бұл жерде орыстілді ақпарат құралдарымыздың  өздерінше өте айлакерлік тактика жасағанын көрмейсің бе: олар барлық оғы мен улы зәрін Мұхтар Шаханов бастаған топқа бағыттай отырып, мемлекеттік тілді атқылауға оғын аямағаны баршаға көрініп тұрды.

Кімді ақымақ санап отыр?

Енді осы ақпараттық соғыстағы шетел жағына шығып кеткен біздің орыстілді БАҚ пен «славян және казак» ұйымдарының дәлелдері мен дәйектеріне келейік.

Бірінші тезис -  орыстар туа бітті жайбасар болғандықтан кез келген тілді меңгеруге бейім емес, қазақ тіліне де қатынасы сондай. Егер бұл тезисті қабылдайтын болсақ, онда Қазақстанда тұратын орыстарды жартыкеш деп кемсіткен болып шығамыз ғой? Сонда XIX-ншы және ХХ-ншы ғасырдың басында өмір сүрген орыс зиялылары туралы «олар міндетті түрде бес тіл білуі тиіс» деген сөздің бекер болғаны ма?!  Ғарышқа бірінші болып адам жіберген халықты, қазақ тілін үйрене алмайды дегенге кім сенеді? Мұндай сөзді айтқандарды Қазақстандағы орыстардың ар-намысын қорлағаны үшін сотқа берсе дұрыс болар еді.

Екінші тезис - Қазақтар осы бағытпен мемлекеттік тілді ендіруді үдете берсе, елден барлық орыстілділер көшіп кетеді. Мұндай пікірді сандырақ, далбаса демеске лаж жоқ.

Дәл осы тұста заңды сұрақ туады  - латыштар өз елінде түгелімен латыш тілінде сөйлейді, неге Латвиядан орыстілділер көшпей отыр? Армениядан, Эстониядан ше? Неге орыстар міндетті түрде Қазақстаннан көшіп кетуі тиіс? Қазақтардың өз тілінде сөйлегені үшін кетіп қалуы керек пе? Бұл - нағыз топасизм емес пе.

Бұл мәселеге басқа жағынан қарасақ, бұл нағыз саяси шантаж екені көрініп тұр. Елдегі орыстілді  БАҚ-ы мен «славяндық», «казак» бірлестіктері өз үкіметіне қарсы қатаң ультиматум қойып, мемлекеттік тіл мәселесінде шегінуді талап етіп отыр.

Зәресі ұшқан Ертісбаев мырза осыдан соң «қазақтар үшін қазақ тілінің мәселесі жүз бірінші мәселе» деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін: қазақ тілі қазақ үшін әрқашан бірінші орында болған, бола береді. Біреулер оны қаламайды екен деп, қазақтар ана тілін ешуақытта құрбандыққа шалмайды, Біздің ана тіліміз ешқашан саяси сауданың  мүлкі емес. Болмайды да.

Ақпараттық соғыстың құпиялары

Қазіргі кезде белгілі болғандай  ресейлік ақпарат көздерінің деректері бойынша, «Русские очнитесь» атты мақаланы жазған Максим Акимов деген журналисті Ресейде ешкім танымайтын, естімеген болып шықты. Сірә, бұл персонаж ойдан шығарылса керек. Жағдайдың осылай өрбуінде  ресейлік арнаулы қызметтің қолтаңбасы жатқандай. Сонымен бірге, Акимовтың мақаласын талқылау кезіндегі жан-жақтан «атқылау» жұмыстарының өте ұйымдасқан түрде өтуі де күдігімізді күшейтеді.

Осы мәселеге байланысты астаналық биік мұнаралы дәліздердерде: «мемлекеттік тілге байланысты арандатуды ұйымдастырудың артында Ресейдің Қазақстандағы Бочарников мырза бастаған елшілігі тұр»  деген сөз бар.

Айналып келгенде, мемлекеттік тілдің қадірін түсіру науқаны жоқ жерден пайда болған жоқ. Сондықтан да оның әсері Ресеймен достық қарым-қатынасымызға  келіп тіреледі.

Әйтсе де мәселенің ең жаман, ең қолайсыз  жағы бұл емес. Мәселе - өздерін «орыс», «славян», «казак» ұйымдары, бірлестіктері деп атайтын ұйымдар мен біздің орыстілді БАҚ-да болып отыр.

Бұл мәселе өз бастауын тоқсаныншы жылдардан алады әрі осы кезге дейін жалғасуда. Қазақстан Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары үкімет «біздің жас мемлекетіміздің саясатын қолдасын, қарсы шықпасын» деген мақсатпен орыстілді басылымдар мен ұйымдардың басшыларына ақша төлей бастады. Анау-мынау емес, мол ақша. Үкімет онымен тоқтаған жоқ, сол ұйымдардың жетекшілері Қазақстан халықтарының Ассамблеясына кіргізілді, жылы да жұмсақ орын берілді. Мысалы, Захаров мырза. Қазір ол Қазақстан халықтары Ассамблеясының жетекшісінің орынбасары.

Бір сөзбен айтқанда, Ақорданың  «қойшылары» өз жайылымын «қасқырлардан» қорғау мақсатында өте тамаша айла тапты. Өз «бөрібасарлары» мен «сырттандарын» өсіріп дайындаудың орнына «қасқырларды» ақшамен, шен, лауазыммен сатып алуды жолға қойды. Шынын айту керек, алғашқы кезде бұл әдіс оң нәтиже берді. Тек «қасқырлар» күш алып өскенше ғана. Бірақ, бұлай шексіз бола беруі мүмкін емес қой.

Сонымен бірге, орасан үлкен мөлшерде қаржы арнасы Ресей жақтан жаңағы біздегі орыстілді басылымдарға, әртүрлі  «славян», «казак» сияқты одақтар мен ұйымдарға, бірлестіктерге ағыла бастады. Ал, олардың мақсаты біздің жақтың ұстанымымен тіптен қарама-қайшы. Сөйтіп, «қасқырлар» екі жақтан бірдей ауыздары майланып, олардың абыройы мен  атақтары өсті.

Міне, осы жағдайдың бір сәтте арты ашылды. Осы кезге дейін Қазақстанның үкіметінен әртүрлі қомақты қаржылық лоттар, мемлекеттік тапсырыстар алып келген жаңағы біздің орыстілді басылымдар мен ұйымдарға ол ақшалар аздық еткен болса керек, олар ашуланып бәрін ашып тастады. Сірә, Ресей жақтан молырақ қаражат келе бастаса керек. Сонымен бірге, қаржының артында белгілі бір міндеттемелер де болуы тиіс қой.

Егер осы қисынды басшылыққа алатын болсақ,  көрші елдің «Ақордасы» басқа бір құпия жобаны жүзеге асырып «Маңырама» деп аталатын даланың «қойларын» уысына алмақ болса керек. Себебі бұл далада ешқандай «бөрібасар»  «сырттандар» қалмаған.

Басқа орыстар

Бірақ, Қазақстанда басқа да орыстар бар емес пе. Оларға қазақтар да, Ресей жағы да ақша төлеп жатқан жоқ. Олар өз елінің Конституциясын сыйлайды, заңды бұлжытпай орындайды, қазақтармен туысқандық қарым-қатынасы тығыз, және олар елімізде саны жағынан басым.

Міне, осы жерде заңды сұрақ туындайды  -  неге біз өз азаматтарымызды, өз орыстарымызды (олардың арасында атақты, елге еңбегі сіңген азаматтар аз емес), Қазақстан халықтарының Ассамблеясына кіргізбейміз? Ассамблеяға «орыс», «славян» ұйымдарының тізімі бойынша емес, заң жолымен бекітіп, Президентке құқық беріп жаңағы атақты азаматтарды кіргізбейміз. Бұл жолдың пайдасы Мәскеудің ықпалындағы  «тентек» агенттерге қарағанда көп болар еді.

Жасыратын несі бар, бүгінгі таңда біздің үкіметтің жалпақшешейлігінің нәтижесінде қаптап кеткен «славян», «казак» ұйымдары ашықтан ашық елді азамат соғысына тартып отыр. Енді ақпараттық соғыс емес, нағыз шын соғысқа. Құдайға шүкір, еліміздегі естияр орыс азаматтары мұндай арандатуға берілген жоқ. Бұл біздің үлкен жетістігіміз. Жоғарыда айтқан «орыс», «казак» сияқты ұйымдар мен одақтарын қарапайым, қазақтармен сыйластыққа өмір сүріп жатқан орыстар мүлдем қолдамайды. Бұған КСРО журналистер одағының лауреаты, бұрынғы «Бірлесу» газетінің редакторы Нина Григорьевна Савицкая «славяндар мен казактардың» өтірік реваншистік идеяларын қолдамайтынын мысалға келтіруге болады. Себебі, қазақстандық орыстардың көпшілігі қазақтармен осы елде бірге тұрып, балалары мен немерелерін тату-тәтті өсіруді қалайды.

Жалған «казактар» мен «славяндар» жайлы

Казактардың тап ретінде отызыншы жылдары Сталин заманында жойылғанын айтқан жөн болар. Сондықтан да қазіргі «казактар» үстіне жылтырақ китель киген фиглярлар десе болады. Олардың артында  ұйымдарын қолдайтын сансыз қолдаушылар бар деп те айта алмаймын. Мүшелері бар болған күннің өзінде оларға ақша төлеп тұру керек қой. Жетекшілерінің патологиялық сараңдығы мен әдепсіздігіне қарап, ондайға сену мүмкін емес.

Олардың жалған «славян», жалған «казак» екендігі жөнінде «Литер» газетінің редакторы Лев Тараков былай дейді: «1996 жылы мен Мәскеуге «Соотечественник» деп аталатын ұйымның конгресіне шақырылдым. Бұл іс-шараны  атақты кинорежиссер Никита Михалков өткізіп, басқарды. Маған құрметті қонақ ретінде президиумнан орын берді. Президиумда отырып бір таң қалғаным, залда отырғандардың түрлері мен пошымдары бандиттерден аумайды. Нағыз криминалды топтардың съезі сияқты, олардан интеллигенттіктің исі де шықпайды.

Сонымен алғашқы сөйлеушіге сөз берді. Сөйлеушілер Өзбекстанда, Түрікменстанда, Тәжікстанда жүріп жатқан геноцидтер жайлы айта бастады. Жарайды, мұндай сөздердің жартысына сенген болайын, сөйлеушілер орыстарға қарсы Украинада жасалып жатқан геноцид жайлы айта бастағанда күлкім келді. Орыс пен украиндер бір халық емес пе. Сосын маған сөз берді. Мен Қазақстандағы шын жағдайды, азаматтардың бәрінің бірдей конституциялық құқықтары бар екенін айта бастап едім... Зал ысқырып, айқайлап шулай бастады. Михалковқа қарап шуды тоқтата ма деп бұрылдым. Ол мені кекетіп: «өз үйіңізде отырғандай сезініңіз» деді. Мен де оны кекетіп «мен орыс мәдениетінің нағыз төрінде отырғандай сезініп отырмын» дедім. Сонда ғана Михалковтың қып-қызыл болып ұялғанын көрдім».

Осыдан-ақ байқаған боларсыздар, «славян», «казак» мырзалардың интеллект пен кәдімгі сыпайылықтан әбден жұрдай екенін көрсетеді. Сірә, біздің үкімет қорқатын адамдарын білмей жүрген секілді? Қателесіп басқаларды қаржыландырып жүрген сияқты?

Енді мені ешкім тоқтата алмайды

Сөз соңында өзім істейтін «Алтын орда» сайты, оның болашақ жоспары жайлы бірер сөз айтсам.

Біздің сайттың  басты тақырыбы  -  мемлекеттік тілді одан әрі дамыту және нығайту болып табылады. Сонымен бірге, қазақ басылымдарындағы материалдарды орысшаға аудару, сөйтіп, екі тіл арқылы азаматтарымызды ынтымақтастыру. Орыстілді азаматтарымызға қазақ ұлтының алдында тұрған проблемаларды жеткізу, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту.

Тағы бір жоба  «Халқымыздың достары» деп аталады. Кеңес заманында Қазақстанға талай «халық жаулары» атанған мұғалімдер, дәрігерлер, профессорлар, академиктер, музыканттар жер аударылған болатын. Міне, осы «халық жаулары» қазақ халқының нағыз достары болды. Олар еліміздің ғылымын, ағарту саласын, медицинасын, опера өнерін дамытты, көтерді. Олар да біз сияқты тойып тамақ ішпеді, азап көрді, осы топырақта өлді. Біз оларды ұмытпауымыз керек.

Сайтымыздың беттерінен қазақ музыкасының жанашыры, насихаттаушысы Петр Васильевич Аравин жайлы айттық. Келесі кезекте «Қыз Жібек» операсының авторы, композитор Евгений Брусиловский тұр. «Абай жолын» бірінші болып аударған Анна Никольская сияқты ардақты азаматтар аз емес.

Сайтымызда «Ел кезекшісі» деген айдармен тұрақты бір тақырып ашып, оны жүргізуді Н.Г.Савицкаяға ұсынбақ ойымыз бар. Бұл айдарда «славяндар мен казактардың» емес, елдегі орыстілді азаматтардың, проблемалары көтерілсе деген ниетіміз бар.

Басқа да жоспарларымыз аз емес. «Алтын Ордаға» журналистер, аналитиктер, техникалық қызметкерлер керек. Мұның бәрі қаржыны талап етеді. Осы мақсаттар үшін қандай жұмыс болсын, қара жұмыс болса да, істеуге дайынмын.

Осы уақытқа дейін үндемей келдім. Астана кабинеттерін ұзақ араладым, беттің арын белбеуге түйіп, жалынып, қол жайып көмек сұрадым. «Біз мемлекеттік тілді дамытуға, нығайтуға, ұлттарды бір-бірімен достастыруға жұмыс істеп жүрміз ғой» дедім. «Бір  жылдан соң кел, жоқ  20 жылдан соң, дұрысы үш жүз жылдан соң кел, сол кезде мәселең шешіледі» деген жауаптар алдым.

Осы кезге дейін ұзақ уақыт үндемей келгенімді қайталап айтамын. Енді барлық бұрыштан, қиылыстан: Адамдар, көріңдер, біздің шенеуніктердің  не істеп жатқанын! Олар сатқындар мен жүзіқараларды қаржыландырып отыр. Дауысымды естіңдер, жұртқа жеткізіңдер, еліміздің барлық ауылына, түкпіріне жеткізіңдер. Елімізде не болып жатқанын азаматтарымыз білсін. Егер ертең славяндар мен казактар еліміздің мемлекеттігін жоқ етсе, тілімізден айырса, қазақ халқының қарғысы мен ашу-ызасы солардың басына жай болып түссін!

Еліміздегі қазақ тіліндегі мақалаларды орыс тіліне аударумен айналысатын, қазақы ой-пікірлердің таралу кеңістігін кеңейтіп, ұлттардың арасын, достығын байланыстыратын, президенттің бағытын қолдап отырған бірден бір басылымды шенеуніктер неге қолдамай отыр? Билік керісінше, қас қылғандай қазақ халқының, бүкіл қазақстандықтардың мүддесіне қарсы жұмыс жасап жатқан басылымдар мен қоғамдық ұйымдарды қаржыландырып отыр. Біздің шенеуніктер қазақтарды басқа ұлттармен ұрыстырып, от тастап, елде дау-жанжалдың болғанын қалайтын, елді азамат соғысына жетектеп жүргендерге қаржы беріп отыр. Мұндай шенеуніктерді бұдан соң кім деп атауға болады?

Аударған  С.Жүсіп

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406