Жұма, 22 Қараша 2024
3834 12 пікір 24 Ақпан, 2020 сағат 16:32

«Кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек»

Депутат Азат Перуашев әкімдерге кәсіпқой спорт пен футбол клубтарын бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салуды ұсынды.

- Біз заңды түрде әкімдерге кәсіпқой спортты бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу керек деп санаймыз. Жетер енді. Өңірлердегі қаражаттың 80 пайызы футболшыларға жұмсалып жатыр. Қашанға дейін осылай болады?

Мен бір мысал келтірейін, таяуда бір спортшының клубы 5 миллион еуроға келісімшартқа отырды. Біз Қазақстанда спортты тамытуға 229 миллион теңге жұмсасақ, мұнда бір футболшының өзіне 2 миллиард теңгедей жұмсалып отыр, - деді депутат.

- Балалар-жасөспірім футболын қаржыландырайық. Стадиондарды, инфрақұрылымды қаржыландырайық. Бірақ мынадай бір өзіне 5 миллион еуро жұмсалатын футболшыларды емес, - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, кәсіпқой спортты бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар мен демеушілер қаржыландыруы қажет.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292