Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3138 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 06:03

Интернет-жарияшыларға 140 кеңес

Бұл кеңесті әзірлеген «Новостная интернет-журналистика» кітабының авторы Александр Амзин.Кітап мәтіні 300 000 таңбадан тұратын қомақты еңбек. Сондықтан ол аталған еңбегін өз блогына төмендегідей қысқаша кеңес түрінде жайғастырыпты. Оқыған адам біздегі  журналистика факультеттерінің бірінен қажетті дәріс алып шыққандай болады. Кеңес қазақ жариясөзіне икемделді.

Жаңалық құрылымы

1. Жаңалықты жазғанға дейін, кейін емес, оның басығын (басық -заголовок, тақырып емес) немесе оның шимай нұсқасын ойластырғаныңыз жөн.

2. Басыққа етістік енгізіңіз.

3. Басықтағы етістік осы шақта болмасын. Жаңалық- ол, болған жайт немесе әзірленіп жатқан әлдене туралы хабарлама.

4. Жұртты еліктірмеңіз, нақтылаңыз. «Елбасшы қаза болды» деген басық қазақ басылымында жарық көруге құқығы жоқ, әңгіме Зимбаббе президенті туралы болса сөз басқа.

5. Жалпы, өткірлікке бола әдепті құрбан етпе.

6. Өгей басықты көшіруге құмартпа: өзіңдікінен гөрі өзгенің ойын ойлау қиынырақ.

7. Дереккөздің хабарламасын оқып шығыңыз.Жаңалықты сыдырта жазып шығыңыз.Сосын қайта қараңыз.

8. Әуелі бастысын жазыңыз,сосын қалғанын.Бастысы басықта түйінделсін.

9. Жаңалыққа кемінде екі дереккөз қолдануға тырысыңыз.

10. Бір жаңалықта бір деректі қайта-қайта қаузай бермеңіз.

11. Егер де жаңалықтан сұрақ туындап тұрса, қайта жазып шығыңыз.

12. Егер де сұрақ туындап, оған жауап болмаса, ол жөнінде жаза кетіңіз.

13. Егер де ол сұрақтың жауабы телефондық қоңыраудың арақашықтығындай болса, қоңыраулата салыңыз.

14. Мақаланың құрылымын әуелгі жиналған деректен соң ойластырыңыз, оған дейін емес.

15. Ең болмаса оқырманның басты сауалына жауап беріңіз: кім,не,қайда,қашан, неге және не үшін.

16. Кіріспе тарихты табыңыз. Оны оқырманға әңгімелеп, оқиғаның мәнін ашыңыз.

17. Жаңалық мәтінінде сіздің жеке қатысыңыз болмауы керек. Сезімге жол жоқ.

18. Өз жаңалығыңыз өзіңізге ұнауы керек, өйтпесе, ол шала жазба мен былжыр болғаны.

19. Өзіңізге ұнамаған мәтін, оқырманға да ұнамайды.

20. Микросипатты қолданыңыз - мәтінде саясатшыны саясатшы, кинопродюсерді - кинопродюсер деп атаңыз.

21. Бүкіл мәліметті 4-6 абзацқа сыйғызыңыз, қолдан келмесе - мақала етіңіз.

22. Сіз мәтін емес, гипермәтін жазасыз. Сөздеріңіз бен дәйектеріңіз түсінікті болуы үшін маңызды сілтеменің барлығын қоюды ұмытпаңыз.

23. Жаңалық бірден ұнауы керек,өйткені, оны жұрт бір-ақ рет оқиды.

24. Шындық пен ақпаратты шатастырмаңыз: сіздің мәтініңіз істің шынайы жағын емес, дереккөздер хабарламасын ғана береді.

Орысшадан аударған - Елсерік,

«Абай-ақпарат»

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048