Жұма, 18 Қыркүйек 2026
5194 10 пікір 1 Наурыз, 2020 сағат 14:36

Ұялы байланыс бұғатталып, белсенділер мен журналистер ұсталды

Алматыда полиция "Республика" және "Астана" алаңдарының маңын қоршап тұр. Аталған аумақтарда ұялы байланыс қызметі де бұғатталған, дап хабарлайды qazaqtimes.com сайты.

Бұдан бұрын еліміздегі бірқатар қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, жаңа партиялар наразылық шарасын өткізетінін хабарлаған. Олардың қатарында Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде шектелген "Қазақстан Демократиялық Таңдауы" қозғалысы және әлі тіркеліп үлгірмеген "Демпартия" да бар. Сондай-ақ, наразылық шарасына "Республика", "Оян Қазақстан" қозғалыстары да қолдау көрсеткен.

Осыған байланысты Алматы қаласында полиция алаңдарды және соған жақын аумақты қоршауға алды. Жаяу жүргіншілердің өтуіне де тыйым салды. Ұялы байланыс желісінің бұғатталуына байланысты Kcell  және Beeline байланыс операторларына хабарласып сұрағанымызда, ел орталығы мен Алматы қалаларында құзырлы органдар тарабынан ұялы байланыс желісінің бұғатталғанын айтты.

Аталмыш сайттың ақпарына қарағанда, полиция алаңға жақын маңда барлық жүргіншілердің өтуіне шектеу қойған. Журналистерді де бірнеше рет қатаң тексеруден өткізген. Арасында қызметтік тапсырмасы жоқ деген айыппен Анар Аққозы және Әсел Жаңабай есімді журналистерді ұстағаны мәлім болды. Сондай-ақ, белгілі журналист, "Дат" газетінің бұрынғы бас редакторы Ермұрат Бапи да ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Айта кетейік, осыған дейін оппозициялық көзқарастағы топтар 1 наурыз күні жалпыхалықтық шеру өтетінін хабарлаған еді. Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында қайтыс болуынан кейін, елде бірнеше мәрте наразылық акциялары өткен. Бүгінге жоспарланған шеруде белсенділер экс-президенттің билікке араласпауын талап етпек болған.

Сондай-ақ, бүгін Азаттық сайты Шымкент қаласының әкімдігіне жиналған белсенділерді де полиция ұстағанын жазды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1308
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2872
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 963
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 901