Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3748 0 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 13:38

Денсаулықты сақтау министрлігі практикалық жұмысқа көшу керек

Рас, қазақтың киесі бар.
"Қүдай сақтап келді". Енді өзіміз қамдануымыз керек. Жау шекараға жақындады. Қанша шекараны жапқанмен жаһандану кезінде мүлдемге бүркеніп алу мүмкін емес.

Денсаулықты сақтау министрлігі әлеуметтік желінің ішінде отыра бермей, халық арасында нақты, практикалық жұмысқа көшу керек.

Профилактика өте маңызды. Алдын алу жұмыстары эпидемияны 80-пайызға кемітуі ықтимал.

1) Елімізде медициналық маска киіп жүрген адам аз. Яғни, адамдарға маска киіп жүрудің маңыздылығын жеткізу керек.

2) Ол маска дефицит болуы ықтимал. Тез арада Қазақстанда маскаларды өндіруді қолға алу керек.

3) Тұмау болмау үшін, ауырып қалмау үшін не істеу керек, "қандай алдын- алу қадамдар жасау керек" деген анықтама жасап, мессенджер, желі арқылы тарату керек.

4) Адамдар көп шоғырланған жерлерде (мектеп, ЖОО, бизнес орталықтар т.б.) өзін-өзі ұстау тәртібін жасау.

5) Осы жерлерде жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

6) Ұлттық деңгейде короновирустың алдын- алу үшін Төтенше Жағдай жариялау да күн тәртібінде.

Біздің шенеуіктердің бүгінгі қимылдарына қарасаң, "құдай сақтап өтіп керер" деген дәме сияқты.

Ал "Құдай сақтансаң сақтайды"...

Бұл шындық.

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576