Жексенбі, 24 Қараша 2024
2914 10 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 10:22

Путин мен Ердоған 5 наурызда Мәскеуде кездеседі

Ресей және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған 5 наурызда Мәскеуде кездеседі. Бұл мәліметті Кремль мен түрік президенттерінің әкімдігі растады.

Ақпаратқа қарағанда, екі ел лидері Сирияның Идлиб аймағындағы жағдайды талқылайды. Соңғы күндері бұл аймақта түрік әскерлері мен Сирия үкіметі күштерінің арасында қарулы қақтығыс орын алып жатыр.

Сириядағы соғыста Ресей президент Башар Асадты, Түркия қарулы оппозицияны қолдап келеді. 2018 жылдың қыркүйек айында Түркия мен Ресей лидерлері Идлибті деэскалация аймағына айналдырып, бұл аймақта соғысты тоқтатуға уағдаласқан. Бірақ Башар Асад армиясы былтыр жыл аяғында Идлибке қайтадан соққы бере бастады. Бұл шабуылдар кезінде Түркияның бақылау бекеттеріне оқ тиіп, бірнеше түрік әскері қаза тапқан. Бұған жауап ретінде Анкара Идлибке қосымша әскер кіргізіп, Сирияның үкіметтік күштеріне соққы бере бастаған.

Жексенбі күні Түркияның әскери әуе күштері Сирияның Су-24 үлгісіндегі екі ұшағын атып түсірді. Көп өтпей Ресей бұдан әрі түрік ұшақтарының Сирияның әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікке кепіл бола алмайды деп мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа қарағанда, ақпан айында Сирияда 50-ден астам түрік әскері қаза болды. Анкара жауап ретінде әуе соққыларын жасап, Асад армиясының жүздеген жауынгері өлтірілгенін хабарлады.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576