Жексенбі, 24 Қараша 2024
2387 4 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 11:40

БТА-ның атқарушы директорын БАӘ-ден экстрадициялағанды

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) БТА банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің бірі Рустам Ибрагимовті Қазақстанға тапсырды. 5 наурызда Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты.

Бас прокуратура хабарламасына сәйкес, Ибрагимов банк активтерін ұрлады деген күдікке ілініп, іздеуде болған. Ол банктің бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер "Мұхтар Әблязовтің жетекшілік етуімен әрекет еткен". БАӘ-да Қырғызстан паспортымен жүрген Ибрагимов "қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде" ұсталған.

Қазір ол Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Қазақстан билігі Әблязовті БТА банкінің миллиардтаған қаржысын жымқырды деп айыптайды.

2009 жылдан бері шетелде тұрып келе жақан Мұхтар Әблязов өзіне тағылған айыптарды толық жоққа шығарады және билікті "актив көлемі жағынан елдегі ең ірі банкті тартып алды" дейді.

Нұр-Сұлтан оны елге экстрадициялауға күш салғанмен нәтиже шыққан жоқ.

2017 жылы Алматы соты Мұхтар Әблязовті БТА банкінің "ақшасын жымқыру ісі" бойынша кінәлі деп тауып, сырттай 20 жылға соттады. Бұрынғы екі топ менеджер шартты жаза алды. БТА банктің несиелендіру бойынша бұрынғы директоры Қайрат Садықов ұзақ жылға сотталды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592