Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 4476 11 пікір 6 Наурыз, 2020 сағат 12:14

Екпені жалпыға бірдей міндеттеу керек пе?

Балалардың барлығына екпе жасау міндетті шара болуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы заң жүзінде бекітуді ұсынуда.

Мәжілісмендердің біразы оған қарсы. Сапасыз екпе келсе, ұрпақты мүгедек етеміз, деп отыр. Себебі вакцинаны жеткізуші компанияларды алдын ала ескертусіз тексеруге болмайды екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын Мәжіліс депутаттары мен ҚР ДСМ мамандарының арасында қызу пікірталас болған. Балаға екпе жасау керек пе, жоқ па, деген мәселе талқыға салынып, аяғы айғаймен аяқтала жаздаған. Сол кезде "Денсаулық сақтау туралы кодекске өзгерістерді енгізу туралы" заң жобасының жұмыс тобы ортақ келісімге келе алмаған. Бекболат Тілеухан бастаған бірлі-жарым депутат қарсылық танытып, екпені жалпыға бірдей міндеттеуге болмайтынын айтқан. Әлеуметтік желіге тараған сол бір талас сөзде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан:

"Быт-шыт вакцинаны еккізіп, мен көз алдымда әкесі болып тұра баланы "калека" қылатын жағдайға жол бергізбеймін. Қазақстаннан кет деген сөз бе бұл? Егер заңға мойынсұнбасаң, сен бұл мемлекеттен кетуге мәжбүр боласың. Мен ата-бабам өмір сүрген елден неге кетуге тиіспін? Сіздер соған итермелеп жатырсыздар! Жаңағы сіздің сөзіңізден түсінген нәрсем. "Дешевую вакцину покупают, поэтому" деп отырсыздар. "Высоко эффективный вакцина алыңыздар" дейсіздер. Мұның артында үлкен ақша жатыр. Ол ақшаны анықтау үшін мына жерде сіздер актер болып, артист болып отырсыздар! Ал біз халықтың атынан айтқан соң, мынаны өткізетін болсақ, біздің парламенттегі құнымыз көк тиын тұрмайды", деп сөйлеген.

Осы бір даулы дискуссиядан кейін, араға біраз уақыт салып, ҚР Денсаулық сақтау министрі Парламентке қайта келіпті. Сол заң жобасы. Сол норма. Тағы да сол Бекболат Қанайұлы қарсы шығыпты. Дәлірек айтсақ, депутат Тілеухан "міндеттеу" сөзіне қарсы шығып отыр. Депутаттың пікірінше, жалпыға бірдей міндеттеуге болмайды. Ал министр Біртановтың өз уәжі бар көрінеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Балалардың, ата-аналардың екпеден бас тартуының салдарынан елімізде басқа, бұрыннан ұмыт қалған инфекциялық аурулар қайта келіп жатыр. Біздің ойымыз, көп мемлекетте осы кейбір, барлық емес, кейбір вакциналарды міндетті түрде салады. Оның себебі басқа азаматтардың денсаулығын сақтау ол Үкіметтің міндеті, дейді министр мырза.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Адамның өмірі мен заңы ең құнды деп есептеледі. Сондықтан біздің сараптамамыз бойынша конституцияға бұл нормалар қайшы келмейді, депті.

Сөйтіп, тақырыптық дискуссиядан ұққанымыз - бір түйіткіл бар. Сол екпенің сапасын қадағалау үшін тиісті комитет тексеру жұмыстары жөнінде бірнеше тәулік бұрын ескертуі керек екен.

"Алдын ала тінту болатынын білетін қылмыскер дәйекзаттарды сақтап отырмайды ғой. Сондықтан дәл вакцинаға келгенде "ескерту" талабын алып тастау керек", дейді мәжілісмендер.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

- Егер тиісті мемлекеттік органның қажетті құзыры болмаса, вакцинаға жауаптыларды қалай бақыламақшысыздар? Заң нормаларын дайындағанда ескермегендеріңізге таң қаламын.

Азаматтар біле жүрсін, депутаттар екпеге қатысты тендерді өткізетін органдардың, вакцинаны жеткізуші мекемелердің жауапкершілігін қатаңдатуды ұсынды. Егер адам өміріне қауіп тудырса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады!, деді спикер.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бұл норманы ерекше тәртіп қатарына қосамыз. Онда алдын ала ескертудің қажеті жоқ. Керісінше, тексеру өтіп болған соң, бір тәуліктен кейін не себепті шара қолданылғанын, қандай мән-жай анықталғаны туралы айтылатын болады, дейді ресми өкіл.

;feature=emb_title

Кодекс әзірге бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы мақұлданғанымен екінші оқылымда айтылған ескертулер өзгерістер түрінде енгізілуі керек.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592