Жексенбі, 24 Қараша 2024
2758 2 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 12:46

«Алтын Орда» жолын жөндеу жұмыстарының 90%-ы аяқталды

«Алматы-Бішкек» автожолының «Алтын Орда» базары маңындағы 16-19 шақырымын жөндеу жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қазір нысанда алдағы құрылыс маусымына дайындық шаралары жүргізіліп жатыр. 

Жоба 2017 жылы іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ондағы жұмыстар 90% аяқталған. Атап айтқанда, жер жұмыстарының 85% орындалды. Жолдың 34,6 мың шаршы метрі аумағында негіздеменің жоғарғы қабаты, 32,1 мың шаршы метрінде негіздеменің төменгі қабаты төселді. «Таға» типіндегі эстакада құрылысының 78%, басты магистраль арқылы өтетін эстакада құрылысының 35% аяқталды. Сондай-ақ, Ақсай өзені арқылы өтетін көпірдегі жұмыстар 90%  орындалса, жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өтпелерінің 30% салынды.  

Еске сала кетейік, жоба аясында жол 10 жолаққа кеңейтіледі. Дәлірек айтқанда, нысан қоғамдық, жергілікті және транзиттік көліктер үшін 2 бағытта 5 жолаққа ұлғайтылады. Жобаның бас мердігері – «Дәулет-Дорстрой» ЖШС. Авторлық қадағалауды «АстанаСтройПроектСервис-М» компаниясы жүзеге асырса, инженерлік қызметті «ИПЦ «Альянс» ЖШС атқарады. «Алматы- Бішкек» жолының 16-19 шақырымын күрделі жөндеу Алматыдан «Алтын Орда» базарына дейінгі жолдағы көлік кептелісі мәселесін шешуге мүмкіндік бермек. 

Мұнымен қоса, «Асыл Арман» ауданында көліктік жол айырығының құрылысы басталғандығын айту керек. Бүгінгі таңда «ДәулетДорСтрой» және «Қостанай жолдары» компаниялары желілерді қайта құру және шығару жұмыстарына дайындалып жатыр. Сонымен қатар, эстакаданың екі тірегінде бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, жоба аясында түрлі деңгейде «Құбыр» түрінде ұзындығы 550 метрді құрайтын 4 жолақты қозғалысты қамтамасыз ететін жол айрығы мен жаяу жүргіншілерге арналған 1 жерүсті көпірінің құрылысы қарастырылған. Нысан 2021 жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.   

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583