Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5185 24 пікір 9 Наурыз, 2020 сағат 13:50

Мұнай бағасы бірден 30%-ға құлдырады

Жағдай өте нашар! Өте! Қазақстан үшін ӨТЕ, ӨТЕ жағымсыз жаңалықпен басталды мына апта. Мұнай бағасы бірден 30%-ға құлдырады. Мұндай бірден құлдырау 1991 жылғы Парсы шығанағындағы сұрапыл соғыстан кейін болған емес. ОПЕК-тің арнайы басқосуында мұнай өндіруді азайту бойынша келісім іске аспағандықтан, Сауд Арабиясы мұнайдың ресми бағасын бірден түсіріп жіберді. Қазір мұнай бағасы Brent маркасына 31,5 доллар, WTI маркасына 30,30 доллар болып қалды. Өткен айда бұл көрсеткіш 57-55 долларға тең еді.

Мұнай Алланың бізге берген сыйы еді, бірақ біз сол сыйды қолдана алмай келеміз. Осы арқылы экономикамызды әртараптандыруға, халықтың жағдайын көтеруге мүмкіндік болып еді. Бақандай 30 жыл уақыт берілді. 30 ЖЫЛ! Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ елдері ол мүмкіндікті іске асыра білді. Мұнайдан түскен қаржыны өзге секторды дамытуға салды, туризмді көтерді. Экономикаға жаңа рычагтар жасады. Ал біз сол Крыловтың мысалындағыдай шырылдауық шегіртке болдық. Әлемдік саммиттер, көрмелер, форумдар жасадық. Әндеттік, биледік.

Экономикамыздың жартысынан көбін мұнай қамтамасыз етіп отыр. Мұнай-газ саласы бойынша 250 кеніште 104 түрлі кәсіпорындар қызмет етуде. Біз өз бюджетімізді мұнай бағасының 55 доллар болуымен өлшеп, соған жоспар құрып қойдық. Экономиканы әртараптандыру бойынша сөзбен айтылғанмен, іспен жасаған жоқпыз. Енді міне, шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді. Салфеткамен сүртсең де кетпейді. Сауд Арабиясы бұл баға соғысын Ресейге жариялағанымен, бізге қатты әсер етеді. Теңге құлдырайды, онсызда тізесі дірілдеп әрең тұр. Доллар өседі. Девальвацияның құлағы қалқиып тұр әне. Азық-түлік, дәрi-дәрмек және басқа қажеттіліктер бағасы біртіндеп өсе бастайтынын айтпасақ та түсінікті.

Ресми түрде бюджеттің 44% мұнай-газ саласы береді. Демек бюджетке түсетін қаржы азаяды. Артынша жалақы беру, өсіру, зейнетақы деген мәселелер де пайда болуы мүмкін.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасы
Abai.kz
24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608