Жексенбі, 24 Қараша 2024
3943 5 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:02

Қазақстан үкіметі шетел валютасы саудасын уақытша тоқтатты

Қазақстан үкіметі шетел валютасын сақтау үшін сатып алуға тыйым салды. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл мәліметті растады.

"Валюта нарығында барлығы, квазимемлекеттік сектор да, валютаны қарызды жабу немесе құрал-жабдық сатып алу кезінде ғана алуы тиіс. Валютаны сақтау үшін сатып алуға тыйым салынған", - деді Шолпанқұлова.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы айырбас пунктерінде шетел валютасы саудасын уақытша тоқтатты. Алматы мен Нұр-Сұлтанда бір доллар құны 385-394 теңге аралығында құбылып тұр, ал Шымкентте - 390-393 теңге.

ОПЕК+ келісімі болмай қалған соң, әлем биржаларында мұнай бағасы құлдырады. Одан соң Forex биржасында Ресей рублінің доллар мен евроға шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл жағдай Қазақстан валютасына да әсер етті.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мәмин Ұлттық банкпен бірге мәлімдеме таратып, үкімет бюджет шығынын қысқартатынын жариялады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке арнайы дағдарысқа қарсы штаб құруды тапсырды.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618