Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 3237 2 пікір 12 Наурыз, 2020 сағат 12:25

Президент коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты мәлімдеме жасады. 

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған вирустың алдын алу мақсатында қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады.

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, мұның алдында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы 11 наурызда Женевада өткен брифингте ұйымның бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс хабарлаған болатын.

-Алдағы уақытта жағдайлардың, өлімнің және зардап шеккен елдердің саны артады деп болжаймыз. Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік, - деп жазды ДДС Twitter-дегі парақшасында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5631