Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2591 6 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 10:56

Біз өз генетикалық қателіктерімізбен жұмыс жасамаймыз!

21 ғасыр ақпараттың ғасыры, ақпараттық ғасырда шамадан тыс ақпараттың көп болуынан, мағлұматтардың бәрін қамтуымыз мүмкін емес.
Google компаниясы бүкіл әлемдегі кітапты санап шығып, әлемдегі кітаптың саны 130 млн-ды құрайды екен. Сіз бұл кітаптардың барлығын оқу үшін жылдам оқу техникасы да көмектеспейді. Сондықтан, сізге пайдасы тиетін кітаптармен шектелген дұрыс. Кітаптың барлығын бір реттен оқығаннан өзіңіздің негізгі кітаптарыңызды бірнеше рет оқыған тиімді.

Қазір біздің қоғамның көп оқитын, тренд кітаптары қандай?
Қазақстанда оқырмандардың негізгі тренді психологиялық және бизнес кітаптар, бұл жанрды оқудың негізгі себебі: кей оқырман үшін өзін тану болса, енді біріне бақытты өмір сүру, өзін немесе кәсібін қалай жетілдіремін деген сұрақ болып табылады. Бірақ біз өз бастауымыздан сусындауды қалдырып кетеміз.

Бұл кітаптардың басым көпшілігі шетелдік авторлар, шетелдік автор кітабын өз мәдениетіне, ойлау жүйесіне, өзіндік қателіктерімен күресуге сәйкес жазатынында ескеру қажет. Қателіктеріңізбен күресіп, өмірде жетістікке жеткіңіз келсе. Өз әдебиетіңізбен, тарихыңызды, қиссаларымен, парасатты ойларын оқуға кеңес беремін. Не себепті бұлай айтып отырмын?!

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адам баласы өз генетикасындағы қателікті жасайды, яғни ата-бабамыздың қателігін қайталаймыз. Дәлел керек болса, Абайдың қара сөздері, өлеңдері неге маңыздылығын жоғалтпады. Не себепті Абай атамыз бүгін айтқандай дейміз. Себебі, біз өз генетикалық қателіктерімізбен жұмыс жасамаймыз! Ал біз не істейміз? Өзіміздегі проблеманың шешімін сырттан іздейміз.

Аналогиялық мысалмен айтар болсам, біздің әдебиеттеріміз = біздің әкеміз/анамыз, тарихымыз, шетелдік әдебиеттер = көрші Сергей немесе Джонның әке-шешесі. Өз әке/шешеміздің ақыл-кеңесіне жүгінудің орнына көршінің әкесіне жүгінеміз! Сырттан қарасаң өте күлкілі, әрі өкінішті. Азиядағы жалғыз ғана дамыған Жапония мемлекетін аяққа тұрғызу барысында, өз әдебиеті мен мәдениетін көтеруді басты орынға қойды, әлі күнге дейін солай.

Егер мақсатқа жеткізіңіз келсе, Мұхтар Әуезовтың: “Бір істің бітуіне (мақсатқа жетуіңе) 3 нәрсе керек: әуелі ниет, еңбек және тәртіп керек деп айтқан!” Қарапайым болса да, маңыздылығын жоғалтпаған. Сонымен, мақсатыңызға жеткіңіз келсе, Ниет - жасағалы жатқан ісіңіздің маңыздылығын түсініп, қаншалықты қалайтыныңды біліңіз, Еңбек - жұмыс жасаңыз, Тәртіп - бізді азғыратын қанша қызық келсе де, ұйқымыз келсе де тәртіпті сақтаңыз!

Мен адам дамуына көмектесетін кітаптарға қарсы емеспін, білім алыңыз, дамыңыз, оқыңыз! Бірақ өміріңіздің шам-шырағы саф алтындай өз әдебиетіңіз болсын.

Жалғасбек Ақболаттың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636