Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3598 0 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 12:46

Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Бағдат Мусин Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. 

"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақордада.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2306
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 593
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 578