Жексенбі, 24 Қараша 2024
2942 4 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 13:27

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

Біреуі - Алматыда. 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер. Ол 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген.

Екіншісі - Нұр-Сұлтанда. Ол Варшавадан (Польша) ұшып келген.

Қазіргі таңда Қазақстанда барлығы 6 адамнан коронавирус анықталды. Қауіпті вирус белгілері анықталған тағы бір қазақстандық Германияда.

ҚР ДСМ мәліметінше, қазір 1090 адам стационарлық карантинде. Ал 452 адам өз үйлерінде карантинге жатқызылған.

Коронавирус жұқтырған төртінші адам Алматы тұрғыны. 1976 жылы туған. Ол 13 наурыз күні Германиядан ұшып келген.

Оның алдында ҚР ДСМ министрі Елжан Біртанов Қазақстанда Алматыда алғашқы екі адамнан қауіпті вирус анықталғанын хабарлаған. Олар 1974 жылы туған ер адам мен 1984 жылы туған әйел адам еді. Олар Германиядан келген. Коронавирус жұқтырған алғашқы қазақстандық 9 наурызда Германиядан келген. Екінші адам 12 наурызда келген.

Ал 12 наурызда Мәскеу арқылы Миланнан Нұр-Сұлтанға ұшып келген әйелден де қауіпті вирус анықталған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671