Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4911 16 пікір 14 Наурыз, 2020 сағат 13:37

18-іне жоспарланған «Nur Otan» жиыны өтпейтін болды

«Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысы өтпейтін болды. Бұл туралы партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек  Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Шерманияның Христиан-демократтары Одағы партиясының сьезі де кейінге шегерілген. Ол жиындаПартияның жаңа лидерін сайлау жоспарғанған. Одан бөлек, АҚШ-та қауіпті вирус таралуына байланысты Байден мен Сандерстің дебатын Аризона штатынан Вашингтонға ауыстырған. Тіпті ол дебат көрерменсіз өтетіні де айтылды.

Ал «Nur Otan» партиясы азаматтарды жеке-жеке қабылдауды тоқтатқан.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 6 адамнан коронавирус анықталғаны ресми хабарланған. Олардың 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтанда. Тағы бір қазақстандық Германияда.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1062
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2611
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704