Жексенбі, 24 Қараша 2024
2409 0 пікір 16 Наурыз, 2020 сағат 11:22

Елімізде үй карантиніне жатқызылғандар саны артып келеді

Қазақстанда коронавирусқа байланысты стационарлық карантинде жатқандар саны 3 адамға азайып, үй карантиніне жатқызылғандар саны 353 адамға көбейді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 9 науқас, оның ішінде Алматы қаласында – 7, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген. Стационарлық карантинде - 1 641, үй карантинінде 981 адам жатыр. Сонымен қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, барлық санаттар бойынша мониторингке 2 626 адам алынды. Оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1 689, 1 «Б» санаты бойынша – 586, 2-санаты бойынша 351 адам бар. Мониторингке алынған 2 626 адамның 503-іне бақылау тоқтатылды. 2 123 адамға мониторинг жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 129 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «Б» санаты бойынша – 39 адам, 2-санат бойынша – 43 адам 3-санат бойынша - 47 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 129, 65 азамат шығарылды. 73 адам стационарда қалады. Оның 64-і дене қызумен және ЖРВИ белгілерімен, ал 9-ы коронавируспен ауруханада жатыр. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында»,- делінген таратылған ақпаратта.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5685