Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3093 0 пікір 16 Наурыз, 2020 сағат 14:37

Louis Vuitton иіссудың орнына антисептик шығарады

Сән заттарын шығаратын әлемдегі ең ірі LVMH трансұлттық компаниясы Франциядағы үш фабрикасынан антисептикалық гелдер шығармақ.

Енді Christian Dior, Guerlain және Givenchy маркасымен косметика шығаратын желілерде микробтардан тазартатын антисептикалар да шығарылатын болады. Мұндай мәлімдемені компания дирекциясы хабарлады.

Бұл шешімді компания президенті Бернар Арно қабылдаған. Сонымен бірге тазалық өнімдері Париждегі 40 ауруханаға тегін таратылмақ. Бір апта ішінде 12 тонна санитайзер шығару жоспарланып отыр.

Дәрігерлер коронавирус жұқтыру қауіпін төмендету үшін қолды сабынмен жиі жуып, санитайзер қолдануға кеңес береді.

Францияда коронавирусты жұқтырғандар саны 5400-ке жетіп, 120 адам қаза тапты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739