Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4925 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 05:51

Қажымұқан Ғабдолла: «Қазақтың қамын жемеген – нанын да жемесін»

- Қажеке, айып етпессіз, тағы да сізге қолқа сала келдік. Әңгімемізді ең өзекті мәселеден бастайық - Қазақстан егемендік алған 20 жылдың ішінде билік әлі күнге дейін ішіне қамыс салған бұзаудың тұлыбына мөңіреген сиырға ұқсап, қазақ тілінің мәртебесін нақты орнықтара алмады?..

- Қазақтың ақпарат кеңістігін жаулап та, жайлап та алған Ресейдің газет-журналдары сатылымда тұрғанда, біздің шала қазақтарымыз да, басқалар да 20 жыл емес-ау, 200 жыл өтсе де бір ауыз қазақ сөзін үйренбейді. Ең алдымен, Қазақ еліндегі орыстілді БАҚ-тың мөлшерін де, кеңістігін де аясыз қысқарту керек. Біртұтас елдің жалпақ жұртын екіге бөліп, араларына сына қағып жүргендер де орыстілділер.

- Қажеке, айып етпессіз, тағы да сізге қолқа сала келдік. Әңгімемізді ең өзекті мәселеден бастайық - Қазақстан егемендік алған 20 жылдың ішінде билік әлі күнге дейін ішіне қамыс салған бұзаудың тұлыбына мөңіреген сиырға ұқсап, қазақ тілінің мәртебесін нақты орнықтара алмады?..

- Қазақтың ақпарат кеңістігін жаулап та, жайлап та алған Ресейдің газет-журналдары сатылымда тұрғанда, біздің шала қазақтарымыз да, басқалар да 20 жыл емес-ау, 200 жыл өтсе де бір ауыз қазақ сөзін үйренбейді. Ең алдымен, Қазақ еліндегі орыстілді БАҚ-тың мөлшерін де, кеңістігін де аясыз қысқарту керек. Біртұтас елдің жалпақ жұртын екіге бөліп, араларына сына қағып жүргендер де орыстілділер.

Мәселен, көшеден қосылған «Көзқарас» («Взгляд») деген үнпарақтың Игорь Винявский дейтін бір айтқышы «Тіл туралы» деген мақаласымағында бүгінде қазақтың да, орыстың да ресейлік жаңа көлікті зорласаң да мінбейтіндігін, одан гөрі ескіріп-қаусаған шетел көлігіне құмарлығын жаза келіп: «Айтқандай, мен мақаламның басында не жайында айтып едім? А, енді есіме түсті! Тіл туралы, мотивация туралы және, ұмытпасам, патриоттық туралы...» - деп, көлгірси келе: «Қазір адамдарға ресей көлігі қаншалықты қажетсіз болса, қазақ тілі де соншалықты керексіз», - дегенге саяды Винявскийдің тұжырымы. Осындай қазақтың мүддесі мен орыстың көлігін қатар қойып, қазақтың мүддесін шетел көлігіне сатып жіберетін, ұлыорыстық шовинизм сырқатына айықпастай шалдыққан Винявскийлерді Қазақ елінен бір шыбықпен қуу керек...

- Расында, Мұхтар Шаханов бастаған «138-дің хаты» деп аталатын топтың: «Ата Заңымыздан орыс тілін алып тастау керек» деген бастамасы қазақ қоғамында мықты дүрбелең туғызды?

- Дүрбелең қазақ қоғамында туған жоқ. Дүрбелең - қазір қазақтың нанын жеп, суын ішіп жүрсе де кешегі ұлыорыстық іріп-шіріген шовинизмді ұмыта алмай, орыс ұлты мен тілінің үстемдігін көксеген келімсектердің арасында ғана туды.

Бұл сасық пиғылды шовинистік тобыр қасық қаны қалғанша қазақ ұлтына да, қазақтың тіліне де, дініне де, діліне де, салт-санасы мен әдет-ғұрпына да қарсы күресіп келеді. Біз қазақ қоғамын - қазаққа қарсылықтан тазартатын боламыз. Унитарлы, ұлттық мемлекетте екі тіл болмайды.

Болмысы кең қазақ ұлты Қазақ Елінде тұратын орыстар мен басқалардың қазақ тілін үйренуіне 20 жыл уақыт берді. Жиырма жылда кез-келген қиын тілді аю мен маймыл ғана емес, мейлінше топас та жалқау, жиіркенішті шошқаның өзі үйреніп алар еді. Шошқадан да жетесіз мақұлықты не деп атауға болады?!.

- Қажеке, ең сорақысы: алдымен, өзіміздің қазақтарымыз бөрінің қуысындай шулап шыға келді ғой?

- Бұл - құлдық сананың сарқыншақтары. Сірә, орыс тілінсіз «қайтыс болып» кететін қазақтар - ғасырлар бойы ата-бабалары бай-манап қазақтардың есігінің алдында қызмет етіп, құлдық пен күңдікте өмір сүрген кедей-кепшіктердің ұрпақтары болса керек. Өйткені - адамды болмысы мен тегі (ген) алысқа жібермейді. .

Бір айтқыштар: «70 жыл үстем болған орыс тілін небәрі 20 жылда қалай жойып жібереміз?» - деп, сандырақтап жүр. Орыс тілі - қазаққа да, басқаға да зор­лықпен таңылған тіл болды. Қазақ тілі - өзінің туған топырағында дамуға тиіс. Сол себепті, қазақ тілін үдете меңгеру міндетіміз. Хакім Абай дөп айтады: «Мақсат - алыс, өмір - шақ» деп...

- Қазақ тілінің тез өркендеп, нағыз мемлекеттік тілге айналу үшін қандай шаралар жасау керек?

- Біреулерге ұнасын-ұнамасын, қазақ тілі - Қазақ еліндегі жалғыз мемлекеттік тіл болып қалады. Билік те, сыртқы күштер де қазақ ұлтының таңдауына қарсы келе алмайды. Ең алдымен, қазақ тілінің мемлекеттілігі туралы айтыстарды шұғыл доғару керек. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бітті!

Келесі қадам: орыс тілінің қосарланып, аяққа шалынған мәртебесін конституция­лық, заңды түрде алып тастау керек. Қазақ жерінен кеткісі келгендер осы 20 жылда кетіп, таусылды. Біз мемле­кеттігімізді оларсыз-ақ толық орнаттық.

Енді «қазақ тілін - қазақ топырағындағы әрбір азамат міндетті түрде білуге тиіс» - дейтін заңдық тұғырнама енгізу керек. Біріншіден, кез-келген дәрежедегі мемлекеттік қызметкер қазақ тілінен емтихан тапсыруға тиіс. Екіншіден, халықаралық компаниялар қызметкерлері де міндетті түрде қазақ тілін ағылшын тіліндей еркін меңгеруі керек т.с.с.

Кейбіреулер айтып жүргендей: «Қазақ тілін білгені үшін жалақыға қосымша үстемелеудің» мүлдем қажеті жоқ. Керісінше, қазақ тілін білуді - әрбіріміз борышымыз санап, мақтаныш тұтуға тиіспіз. Ал, қазақ тілін үйренгісі келмейтіндер мен меңгере алмағандардың басқа отан іздеулеріне тура келеді. Мінеки, осылайша әрбірімізге таңдау жасауға тура келеді. Қоғамда қазақ тілінің қажеттілігі туғанда ғана мемлекеттік тіл өз тұғырына көтеріле алады.

Мәжіліс депутаттары Жарасбай Сүлейменов пен Нұртай Сәбиляновтардың: «Кімде-кім қазақ тіліне қарсы болса, сол Қазақ Елінінің келешегіне қарсы адам» - деген тұжырымдарына күллі қазақ толықтай қосылу керек.

Қазақ тілінің тағдыры шешілер сәт туғанда жалт бұрылып, түйеқұстар сияқты бастарын құмға жасыратын қазақтармен әңгіме қысқа болуға тиіс. Өйткені, қазақтың да мәңігілік достары жоқ, қазақтың мәңгілік мүддесі бар.

Кәдімгі ішкі әскерлер полициясы, әскери полиция, қаржы полициясы бар Қазақ еліне ең қажеті - Тіл полициясы еді, өкінішке қарай, мұны естір құлақ табылмады...

Сөздің тоқ етері: жершарының картасында Қазақ Елі бар екен, яғни, оның жер көлемі, жалауы, әнұраны және мемлекеттік тілі бар. Осы мемлекеттік тілде сөйлеу былай тұрсын, оны әрі қарай дамыту - елдің әрбір адал азаматының парызы болуға тиіс. Бұл құрметті парызды орындауда мейлінше жігерлі, мейлінше табанды, мейлінше еңбекқор болуымыз қажет.

Қараңызшы, орта шаруа Марк Цукерберг әлемдік IT технологиялардың аса жарқын үлгісі Facebook әлеуметтік жүйесін ойлап тапты. Талас жоқ, мәдени-әлеуметтік төңкеріс жасаған бұл жүйенің тұтынушыларының саны қазір 550,0 миллион адамнан асты. Ойлап қарасаң, халқының саны жағынан Қытай мен Үндістаннан кейінгі «үшінші алып мемлекет» сияқты. Бүгінде Цукербергдің табысы, шамамен, 50,0 миллион АҚШ долларынан асып-жығылды. Мінеки, нағыз жігерліліктің, табандылықтың, еңбекқорлықтың тамаша үлгісі осындай. Ал, бізге келген келімсектер, алдымен, саясатпен айналысқысы келеді...

Мықты болса, адамзат өркениетіне Марк Цукерберг секілді үлесін қосып, Қазақ елінің атағын айқайлатып, айдан шығарсын! Тағы да кемеңгер Абай: «Күшік ит бөрі ала ма - жабылса да...» - дейді... Әркім өз ісімен айналыссын. Саясат - сандырақтардың шаруа-алаңы емес. Қазақ елінің саяси мәселелерін жердің иесі - қазақ ұлты шешетін болады...

Адуынды ақын Жүрсін Ерман:

«Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің,

Ұран ілер басыңа бұлт ілмегін.

Ұларыңды ойлама, ұлыңды ойла,

Бауыры бүтін бар дейсің бұл күнде кім?

Ұлытауым, ұлығым, ұлтым менің!» - дейді...

Мінеки, әрбір қазақтың жүрегі осылай кідіріссіз, кіршіксіз, күмәнсіз соғуы керек. Кімде-кім бүгін қазақ тіліне қарсы шықса, сол адам ертең - қазақ ұлтына да, қазақ еліне де, қазақ мемлекетіне де, тіпті, қазақ елінің басшысына да қарсы шығады. Қысқасы, мен былай деймін: «Қазақтың қамын жемеген - нанын да жемесін!»

- Қажеке, біздің елді бір түсініксіз елес кезіп жүргендей көрінеді. Батыс өңірлердегі ушыққан дін мәселесі осыған меңзейді?..

- Адамның сенім мәселесі - өте нәзік әрі аса қуатты мәселе. Сенім бостандығын шектеудің ақыры орыны толмас өкініштерге әкеліп соғуы мүмкін.

Қазақстан Мұсылмандар Басқармасының іргесін қалаушы Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз осыдан оншақты жыл бұрын басшылықтан кетіп, ғұмыр бойы оқытушылық қызмет атқарып, аздаған мезгіл елшілікте болған Әбсаттар Дербісәлі мырза оның орынына тағайындалғанда, біраз діннен хабары бар салиқалы жәмағат аздап тіксініп қалып еді. Олар Әбсаттар Дербісәліден тіксінген жоқ, олар қазақ қоғамында ислам дінінің қай бағытпен дамитынына алаңдаған болатын.

Өз басым, қазіргі хазіретіміз, шейх Әбсаттар Дербісәліні құрметтеймін. Бірақ, әркім өзінің көтере алатын шоқпарын ғана беліне байласа жөн болар еді...

Қазір біздің еліміздегі жалпы исламның жағдайы мен басқа да әр-алуан зиянды дінсымақтар мен қаптаған қатігез секталардың етек алып кеткені - дін мәселесіне әрқашан да асқан жауапкер­шілікпен, терең иманмен, қағілез құрметпен қарау керек екендігін дәлелдеп отыр.

- Қажеке, Мәжіліс «Діни қызмет пен діни бірлестіктер» туралы жаңа заң да қабылданды...

- Заңның қабылдануы бар да, оның жұмыс істеуі бар. Бұл екеуі - екі бөлек нәрсе.

Айталық, біздің қос палатадан тұратын парламентіміз идеялық тұрғыдан өте мықты. Ал, жұмыс істеуге келгенде, «ағасы» Сенаттың алдында зыр жүгірген Мәжіліс оның «інісі» сияқты. Барлық заң жобаларын мәжіліс мыжғылап, әзірлеп береді, енді Сенат оны не мақұлдайды немесе кері қайтарады.

Шын мәнісінде қалай болуы керек? Шын мәнісінде, күн сайын, сағат сайын Мәжіліс пен Сенаттың арасында кескілескен әділетті күрес жүріп жатуы керек. Бұл күрес - ұлттың ұлы мүдделері жолындағы күрес болуға тиіс...

Сол себепті, дін жайындағы жаңа заңның діни бірлестіктер мен ұйымдарды тіркеуді реттеу қажеттігі жөніндегі тұспалына қосыламын. Біздің Қазақ Елі деп аталатын құтты шаңырағымызда дін істерінде де тәрбиелі тәртіп орнауға тиіс.

Бірақ, заңның 7-бап 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелерде (ұйымдарда, қарулы күштер мен әскери құрамаларда, құқық қорғау органдарында, т.б. жерлерде) діни рәсім орындауға тыйым салынған бап, меніңше, дін бостандығы бойынша адам құқықтарын шектеудің алғашқы қате қадамы...

- Қазір билік жіберген қателіктерінің орынын жабуға жапатармағай тырысып жатыр. Бірақ, «Балық - басынан шіріп», қателіктің көкесі Есілдің сол жағалауынан етек алды. Басқа-басқа, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің туған ұлы Американың ислам дініне қарсы арандатып ашқан «Құран­шылдар» тобын басқарады екен?..

- Турасын айтсам, Қазақ еліндегі дін мәселесі тығырыққа тірелгелі біраз жылдың жүзі болды. Дегенмен, қазір дін мәселесінің қолға алынуы, ең алдымен, Елбасының ең жақын серігі, Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің белсенді бастамасымен іске асырылып жатқанын көріп отырмыз. Әйтпесе, айталық, Әділбек Жақсыбеков немесе Қайрат Келімбетовтер Президент Әкімшілігін басқарған тұста дін мәселесіне көңіл бөлсе, қайда қалды? Дәп осы кезеңде еліміздегі дін мәселесі уыстан шығып кеткен болатын...

Соның нәтижесі: Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан салафилік жүйенің ықпалына жығылса; Пайғамбарымыздың жұбайы туралы нақақ сөйлеп, Астағфраллах, Аллаһ Тағаламыздың өзі туралы да мылжыңдағысы келген жазушы Дүкенбай Досжанның бес уақыт намаз түгілі, жарытып қазақ тілін де білмейтін баласы Ардақ Досжан бүгін Дін агенттігі төрағасының орынбасары болып отыр. Мұндай елде діннің түзу болатын жөні де жоқ-ау...

- Ақтөбедегі сойқаннан соң, елімізде «Дін полициясы» құрылатын болды, деген сыбыс шықты. «Дін полициясы» құрылса, бәлкім, шаруа біршама реттелер?..

- Бізге жетпегені осы еді? Сонда қасиетті ислам шарттарын терең түсіну үшін адам, кем дегенде, 7-8 жыл оқу керек болса, сөйтіп, қасиетті Құранның тілін түсіну керек болса, яғни, шариғат шарттарының дұрыс атқарылуын қадағалайтын адамдар Құранның тілін, араб тілін терең меңгеруі керек. Сонда «Дін полициясы» дегеніміз - имамдар бола ма?..

Енді ислам дінінің ең басты қағидасы - иман келтіру, яки, Аллаһқа толық сену емес пе? Дін - сенімнің ісі. Мұнда зорлық-зомбылық жүрмейді. Сондықтан, «Дін полициясын» құру дегеніміз - тығырыққа тірелудің нағыз өзі...

Жаңадан құрылған Дін істері жөніндегі агенттіктің басшысы Қайрат Лама Шәріптің: «Бір ұлт - бір дін» деген қағидамен жүретін боламыз» - дегеніне алғаш сүйсініп қалып едік... Неге десеңіз, қазір бізде жер бетінде ешкім естімеген діннің түрлері мен тармақтары пайда болып, өркендеп барады. Дін мәселесінде қашанда тиянақты тәртіп керек.

- Қажеке, өзіңіз қадағалайтын «Майдан» сайтында түрлі діни тақырыптарға көптеген орындар беріліп отырады. Бір қарағанда, өзіңіз басқарған "Қазақ елі" Халықтық қозғалысының да белгілі бір діни ағымға бүйрегі бұрылатындай әсер қалдырады...

- Мұныңыз алдамшы әсер. Өйткені, менің бүйрегім ешқандай ағымға бұрылған емес.

«Қалыпты Ислам» қанат жайған қазақ топырағында атам заманнан Имам Ағзам мазхабы орныққаны мәлім. Ендеше, жер бетінде Құранды жетпіс түрлі тәпсірлесе де, біз өзіндік өзегімізден, байырғы болмысымыздан тайқып, ауытқып кетпеуіміз керек. Сондықтан, тегін түсініп, түбірін танымасақ, ондаған Дін агенттіктерін ашсақ та ештеңе өзгермейді...

- Ең маңыздысы - адамның сенімі, яғни, иманы дейсіз ғой?

- Аллаһқа деген сенімді - адамның жүрегіне ешқандай заңмен орнықтыра алмайсың. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» - деген данышпан Абайдың иман-мұхиты қандай терең?!.

Адамзаттың артық туған атақты перзенттерінің түгелі Құдайға сенген ғой. Әлемді мойындатқан атышулы композитор И.Гайдн аса діншіл болған. Ол өзінің шығарған партитурларының алғашқы бетіне бірде: «In nomine Domini!», яғни, латынша: «Құдайдың атымен бастаймын!» деп жазса; келесіде: «Soli Deo gloria!», яки: «Жалғыз Құдайға мақтаулар болсын!» дейді де; кезекті бір еңбегіне тағы да латыннан: «Laus Deo!» деп, айрықша белгі қояды, мұның мағынасы: «Құдайға мақтаулар болсын!..»

Құдайға құлай сенген Гайднды: «Ақылы қысқа, білімі жеткіліксіз, қияли-фундаменталист» - деп атауға кімнің ауызы барады? Гайдн дүниеден өткелі ғасырлар озды, бірақ, Гайднның аты өшкен жоқ...

Біздің ақын Фариза апамыз:

«Оранса Ар шапанға,

Адалдық оққа ұшады» - дейді.

Енді сол кіршіксіз ар да, кәусар адалдық та - сенімнің ішінде, яки, иманның ішінде емес пе!..

Ал, бүгінде Аллаһқа сенбек түгілі, дәрет алудан бейхабар, әліпті таяқ деп білмейтін біреулер дін туралы сөз айтып, тақуаларды сынағысы келіп, әуреге түседі.

Дінсіздерді құдайдың өзі, ерте ме-кеш пе, аяусыз жазалап отырған. Мешіттерді қиратып, шіркеулерге шырпы қойған Владимир Ульянов??? тың (Ленин) бейшара тағдыры әркімге сабақ болуға тиіс...

- Қажеке, сіздің «Қазақ елі» Халықтық қозғалысының тіркелуіне көп кедергілердің болып жатқанын білеміз. Биліктің бүркеншектігін былай қойғанда, өзіңіз аяусыз сынға алған кейбір оппозиция өкілдірі де биліктің қолтығына су бүркіп жүргенге ұқсайды. Мәселен, бір басылым тілшісінің: «Ұлтшылдар бас қосқан "ҚАЗАҚ ЕЛІ" Халықтық қозғалысына көзқарасыңыз қандай? Осы қозғалыстың төрағасы Қажымұқан Ғабдолланың: "Билік өзгеруі үшін - оппозиция лидерлері өзгеруі керек!" - деген ұсынысына қалай қарайсыз?» - дейтін сұрағына Жармахан Тұяқбай: «Оппозицияға кімдер келіп, кімдер кетпеген. Бұл - заңды процесс» - деп қана, қысқа жауап беріпті...

- Иә, қазақ оппозициясы талай сойқандарды көрді. Бірақ, қазақ оппозициясына Жармахан Тұяқбай сияқты Мәжіліс төрағалығынан ешкім қуылып келген жоқ...

Кешегі Тергеу комитетінің төрағасы, елдің Бас прокуроры, Әскери прокурор - осылайша ешкімді менсінбей, танауына есекқұрт кіріп сөйлемегенде - кім сөйлейді?!.

Сондықтан, Жақаңның солшылдығының өзі - оңшылдық, оңшылдығының өзі - солшылдық секілді көрінеді...

- Келесі бір оппозиция серкесі Мақсұт Нәрікбаев: «Қажымұқан Ғабдолланың ұйымдастыруымен қазақ ұлтшылдары бас қосқан "ҚАЗАҚ ЕЛІ" Халықтық қозғалысына көзқарасыңыз қалай? Бүгінгі Қазақстанға әсіре ұлтшылдар керек пе?» - деген сауалға: «Жалпы қазақ ұлтының қамын ойлайтын қадамдардың қайсысы болса да қолдаймын. Бірақ, әрқайсысымыз бір-бір қозғалыс, бір-бір қоғамдық ұйым құрғанша, неге басымызды біріктірмейміз? Мен өзімді ұлтжанды қазақтың бірімін деп есептеймін. «Әділет» партиясының бағдарламасы да, жасап жатқан амалдары да бұл мәселеден ары емес. Ендеше, неге бүкіл ұлтшыл, ұлтжанды қазақтар «Әділет» партиясының туының астына жиналмаймыз?» - деген таңданыспен жауап қатыпты...

- «Әділет» партиясының құрылғанына кемінде он жылдан асты. Содан бері бұл партия қазақтың қандай мүддесін қорғады? Сол сіздің есіңізде бар ма?

Менің есімде жоқ!

Қазақтың тілі, діні, ділі, мәдениеті, жері, шекарасы т.б. мәселелері пышақ жүзіне талай шықты. Сонда «ұлтжанды» Мақсұт Нәрікбаев ағамыз қайда жүрді?

Тіпті, қазақтың сөзін бұрмалап, дұрыс айта алмаса, бұған кім кінәлі?

Мысалы, қазақта «ұлтшыл» дейтін рухты сөз бар. Ал, «ұлтжанды» сөзі орысқа мәймөңкелеп, «ұлтшыл» демесін деген қоянжүректіктен туып, қолдан құралған жасанды сөз. Ата-бабаларымыз: «Ұлтжанды» деп ешқашан сөйлемеген, қазақ: «Қатынжанды» деп, қатынының ындынынан шыға алмайтын жігерсіз, намыссыз еркексымақтарды айтқан...

- Айдос Сарым дейтін азамат таяуда «Ұлы дала» қозғалысын құрғанын мәлімдеді. Бұған көзқарасыңыз қалай?

- Бізге қозғалыстар артықтық етпейді. Ең бастысы, ол - билікпен ауыз жаласпаған, қазақтың мүддесін шынайы қорғайтын ұйым болсын! Әйтпесе, қазір қайсыбір топтар қоғамдық ұйым құруды сәнге айналдырып алды. Ондай мағынасыз, мәнсіз құрылымдар қазақ ұлтына тек зиянын ғана тигізеді.

Ал, Айдос Сарым бауырымыз саясатқа бүгін келген жігіт емес. Кезінде марқұм Алтынбек Сәрсенбаевтай саясат кеңістігінде азуы алты қарыс арыстандай арыстың тәлімін алып, алымын аңдап үйренген азамат.

Негізі, мен бірде ескертіп едім: тегінде, Айдостың лайық орыны «Алға» партиясының басшылығы ғой. Әттең, Мұхтар Әбләзов әлемдік «сойқандармен» ауыз жаласып қоймағанда, «қайтқан малда - қайыр бар» демекші, қазақтың қайтқан қазынасымен Айдос бауырымыз қазақтың мүддесін қызғыштай қорғар еді...

- Сиясы кеппеген жаңалықтардың бірі: қырғыздың Жоғарғы Кеңесі біздің Елбасымызды Нобель сыйлығына ұсынып жатыр...

- Нобель сыйлығы дегеніміз - масондардың әлемдік құйтырқы саясатының елеулі жемісі ғой. Керек десеңіз, Нобельдердің аталары 1916-17 жылдары Қазан революциясы басталған тұста Атыраудағы мұнай кеніштерін Байұлының Есентемір руынан тарайтын әулеттеріне жедел сатып, тайып тұрған. Бұл құнды құжаттар сол әулеттің ұрпақтарында әлі күнге дейін сақтаулы. Біз болсақ, «Нобель сыйлығы» деп әлдеқандай боламыз?!.

- Қажеке, Сіз таяудағы елді шулатқан сұхбатыңызда: «Жемқорлыққа белшесінен батып, қаржылық топтарға бөлініп алған қазақ қоғамын шашауын шығармай құрықтай алатын, саяси сауатты, рухы мығым, харизмасы қуатты, уәжі уытты, ерік-жігері күшті Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа ЖАЛҒЫЗ-АҚ адам бар, бізде...» - деп едіңіз. Бүгін оның Кім екендігін ашық айтатын уақыт жеткен сияқты...

- Сіз француз корольдері қайтыс болып, оның мұрагері аталған кезде халықтың айқайлап айтатын дәстүрлі сөздерін білесіз бе? Олар: «Le roi est mort!» - деп шулайды, яғни: «Король өлді, король жасасын!» - дегені...

Ал, біздің еліміздің басшысы дін-аман, жұртымыз тыныш.

Ал, мен көріпкел емеспін. Сондықтан, тумаған сиырдың уызына таласып қайтеміз. Қазақтың қамын қарастырайық, елдің ертеңін ойласайық, бірігуге бел сыбанып кірісейік!..

Ұрпақ алдындағы осындай ұлы мүдделер тұрғанда, қысыр әңгіменің салмағы қаңбақтай емес пе?!.

Әңгімелескен - Жанкелді ЕСТЕНБАЙ,

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352