Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3132 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 10:53

«Ұлы Дала» қозғалысын қолдаңыз!

2011 жылдың 15 қазаны күні Жазушылар одағының салтанат залында «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы өтеді. Бұл басқосуда қоғамдық-саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, жетекші органдары сайланады.

Біз ХХІ ғасырдың барлық талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы ұлттық қозғалыстарға қоғамның сусап отырғанына сенімдіміз. Аталған ұйым центризм мен прагматизмнің құндылықтарына иек арта отырып, түрлі лозунгтар мен көзқарастарда өз ұстанымына беріктік танытып, этникалық немесе басқа да тегіне қарамастан  «қазақ үшін», «мемлекет үшін» деген барлық ел азаматтарын біріктіруі тиіс. Тұсауын енді кескен қозғалыс ұлттық либерализмді дамытып, «ілгерішіл консерватизм» идеологиясын насихатттайды. Қазақстанның қазіргі жеткен жетістіктерін мойындап және батыстың демократиялық құндылықтарын қабылдай отырып, «Ұлы дала» қозғалысы қазақтың тілін, салт дәстүрін, тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтауға баса мән береді.

«Ұлы дала» қозғалысы - қоғам қайраткерлері, ұлттық бизнес өкілдері, зиялы қауым мен жастар және азаматтық ұстанымдарын биік қоятын жандардың басын қосады. Өз құрылтайын өткізіп, Әділет Министрілігінен тіркеуден өткізген соң еліміздің барлық аймақтарынан қозғалыстың филиалдарын ашу көзделуде. Осыдан соң ұйым Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене аралсуды мақсат етеді. Қозғалыс ұйымдастырушылары ел тағдырына бейжай қарамайтын барлық азаматтарды «Ұлы дала» қозғалысын қолдауға шақырады.

Спикерлер:

Талғат Әбдіжаппар – Ауған соғысы жауынгерлерінің «Ардагер» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматы қалалық мәслихатының депутаты

Айдар Әлібаев - Қазақстан зейнетақы қорлары ассосациясының президенті

Рахым Айыпұлы - кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Жебеу» Республикалық бірлестігінің атқарушы директоры

Ізбасар Бозаев - кәсіпкер, Алматы сауда палатасының президенті

Ғабиден Жәкей- Ғабит Мүсірепов атындағы қоғамдық қордың президенті;

Дәурен Куат - «Абай ақпарат» қоғамдық қорының президенті

Айдос Сарым - саясаттанушы, қоғам қайраткері

Алдажар Сейітұлы - ауған соғысы ардагер, «Айбын» орденінің иегері, имам

Сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

Тел: +7 /727/ 3976101, 3969071

Факс: +7 /727/ 3976101

e-mail: aidos.sarym@yahoo.com

Ұйымдастырушылар: Ғабиден Жәкей +7(701) 7771969, Айдос Сарым +7(701) 9998222

4-нші қазан күні сағат 10.00 де «Қазақстан» баспасөзі клубында «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің қазанның 15-де өтетін алғашқы құрылтайына байланысты баспасөз мәлихаты өтеді.

«Қазақстан» баспасөзі клубының мекен-жай: Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, Фруманов көшесі әл-Фараби даңғылының қиылысы, «Сәтті» бизнес орталығы, 1-нші кіреберіс, 2-нші қабат

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354