Жексенбі, 24 Қараша 2024
2799 2 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:23

Алматы облысында короновирус жұқтырғандар жоқ

Алматы облысында короновирус жұқтырғандар жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ысқақ Ербозымұлы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты. Өңірде 3 адамда КВИ күдігі бар деп танылып,  жедел ауруханаға жатқызылған. Жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысынан «аты жаман» вирус анықталмады. Тексеру нәтижесі теріс. Қазір осы азаматтармен байланыста болғандар да қатаң бақылауға алынды. 

Жалпы, жыл басынан Алматы облысына шетелден 3 мыңнан аса азамат келген. Барлығына тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп, 14 күнге карантинге жатқызылған. Қазір жағдайлары жақсы. Айта кету керек, өңірде 40-қа жуық инфекционист, 140-тан аса анестизиолог-реаниматолог, 8 нефролог, 12 трансфузиолог, 100-ге жуық невролог және 450-ге жуық терапевт күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыста коронавирусты тексеру, емдеу, карантинге жатқызу бойынша 1000-ға тарта төсек-орын бар.

Жиында тұрғындар көкейінде жүрген сауалдарға да тұшымды жауап берілді. Медициналық бетперделердің жетіспеушілігі де алдағы күндері өз шешімін таппақ. Мәселен, Іле ауданындағы бетперде шығаратын «Dolce-Pharm» зауыты өнім көлемін арттырмақ. Талдықорғандағы «Ажар» фабрикасы да аталмыш қорғаныш құралын тігуді қолға алып отыр. 

 Бүгінде өңірде ойын-сауық орындары жабылды. Барлық мекемелерге қол жуу құралдары қойылады. Қоғамдық көліктерді күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, нысандарды дизинфекциялау шаралары жүргізілуде. 

  «Сақтанғанды құдай сақтайды»-, демекші, мамандар халық та сақтық шараларын қолдануға кеңес береді. 

Айман Асыл 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5728