Бейсенбі, 1 Қазан 2026
3109 2 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 11:54

Біртанов маскалардың бірыңғай бағасы белгіленетінін айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда маскалардың бірыңғай бағасы белгіленетінін айтты. 

"Бүгін мемлекеттік комиссия маскаларды алып-сатарларды жауапкершілікке тарту мәселесін, әсіресе Интернетте маска саудасымен айналысатындарды қатаң жазалау туралы шешімді қолдады.

Қазір осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, таяуда бағаларды белгілейміз. Біз маскаларды өзіндіік құнынан төмен етіп сатуға мәжбүрлей алмаймыз. Дегенмен маскаларды алып-сатумен айналысқандар айыппұл немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қазір заңгерлермен осы мәселені қарастырып жатырмыз", - деді денсаулық сақтау министрі.

Біртановтың айтуынша, бүгінде маска өндірісі екі есеге артты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы ресми деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 35 адамға жетті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 220
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 222
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 250