Жексенбі, 24 Қараша 2024
3032 1 пікір 19 Наурыз, 2020 сағат 11:57

Жетісулықтарды Алматыға бармауға шақырды

Алматы облысында барлық азық-түлік дүкендері штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бірінші кезектегі қажет азық-түліктер толық көлемде жеткілікті. Тауарлар мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ.

Өңір басшысы Амандық Баталов жетісулықтарды өз денсаулығына ерекше назар аударып, санитарлық дәрігерлердің барлық ұсыныстарын толық сақтауға шақыратын үндеу жолдады. 

Біз биліктің үндеуіне құлақ аспай, қауіпсіздік шараларына жеңіл-желпі қараған бірқатар еуропа елдері (Италия сияқты) тұрғындарының қателіктерін қайталамауымыз керек. Оның арты неге әкеліп соққанын өздеріңіз білесіздер, - деп атап өтті Амандық Ғаббасұлы. 

Ол өз сөзінде қазір бүкіл әлем, соның ішінде біздің еліміз де коронавирустың  таралуына байланысты туындаған жаһандық қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлық шығарып, вирустың кең таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырғанын да тілге тиек етті. 

 Айта кету керек, Алматы қаласында отандастарымыздың арасында инфекция жұқтырған оқиғалар тіркелді. Осыған байланысты мемлекет басшылығы ертең түнгі сағат 00-ден бастап Алматы қаласында карантин енгізу туралы шешім қабылдады. Қалаға  кіреберісте блокпосттар қойылып, кіру жолдар жабылады.  Бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады, сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мейрамханалар жабылады. Сондықтан бұл мәселе, Алматы қаласының әкімдігімен бірге қарастырылып жатыр. 

Сіздердің көпшіліктеріңіз Алматы қаласындағы мекеме-кәсіпорындарда жұмыс істейсіздер, қалаға қандай да бір шаруаларыңызбен, базарға, дүкенге барасыздар. Осыған байланысты түсіністікпен қарап, карантин кезінде қалаға баруды қоя тұруларыңызды сұраймын. Құрметті жерлестер, қабылданып жатқан барлық шаралар сіз бен біздің қауіпсіздігімізді, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ең бірінші кезекте өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарай білейік!, - деп мәлімдеді өңір басшысы. 

Сонымен қатар, облыс тұрғындарын елдегі жағдайдың салмақты екенін түсініп, вирустың таралуына жол бермеуге шақырды. 

Айман Асыл

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5734