Жексенбі, 24 Қараша 2024
2340 1 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 01:21

«Сәби» қоры мен Kaspi.kz коронавирусқа арналған тест сатып алуға 200 миллион теңге бөлді

«Сәби» қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатымен 100 миллион теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 000 тест сатып алу арқылы көмек көрсетті. Сонымен қатар қор құны 10 миллион теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алады.

Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 миллион теңге бөлді.

Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры «Медициналық жобасының» аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.

Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу өмірлік маңызы. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.

Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.

Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 000 дана жедел тест «КДЛ Олимп» ЖШС-не «Олимп» клиникалық-диагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.

Айта кетейік, «Сәби» қоры 2002 жылы құрылған. Оның басты бағыттары балалардың денсаулығы мен табиғи дамуы және рухани даму мен білімнің қолжетімділігі. Өз қызметін қоғамның қорғалмаған бөлігіне бағыттау арқылы «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан талантты, денсаулығында кінарат бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетумен айналысады.

Ал, Kaspi.kz Қазақстандағы ең ірі төлем жүйесі, сауда алаңы мен мақсаты инновациялық өнімдер мен төлем, сатып алу мен жеке қаражатты басқаруды дамытатын қызметтерді жасау арқылы адамдардың өмірін жеңілдетуді мақсат тұтатын Fintech экожүйесін басқарады. Біз жетекші технологиялар мен ауқымды мәліметтерді сараптаудың жеке тәсілдерін қолдана отырып тұтынушылармен ықпалдасу арқылы бірыңғай алаң қалыптастырамыз. Kaspi.kz экожүйесінің негізінде айына 6,0 миллион белсенді қолданушысы бар елдегі жетекші ұялы қосымша Kaspi.kz тұр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3274
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711