«Ұлы дала» қозғалысының мәслихаты (видео)
2011 жылдың 15 қазаны күні Жазушылар одағының салтанат залында «Ұлы дала» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайы өтеді. Бұл басқосуда қоғамдық-саяси қозғалыстың жарғысы мен бағдарламасы қабылданып, жетекші органдары сайланады.
Біз ХХІ ғасырдың барлық талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы ұлттық қозғалыстарға қоғамның сусап отырғанына сенімдіміз. Аталған ұйым центризм мен прагматизмнің құндылықтарына иек арта отырып, түрлі лозунгтар мен көзқарастарда өз ұстанымына беріктік танытып, этникалық немесе басқа да тегіне қарамастан «қазақ үшін», «мемлекет үшін» деген барлық ел азаматтарын біріктіруі тиіс. Тұсауын енді кескен қозғалыс ұлттық либерализмді дамытып, «ілгерішіл консерватизм» идеологиясын насихатттайды. Қазақстанның қазіргі жеткен жетістіктерін мойындап және батыстың демократиялық құндылықтарын қабылдай отырып, «Ұлы дала» қозғалысы қазақтың тілін, салт дәстүрін, тарихын, ұлттық құндылықтарын сақтауға баса мән береді.

«Ұлы дала» қозғалысы - қоғам қайраткерлері, ұлттық бизнес өкілдері, зиялы қауым мен жастар және азаматтық ұстанымдарын биік қоятын жандардың басын қосады. Өз құрылтайын өткізіп, Әділет Министрілігінен тіркеуден өткізген соң еліміздің барлық аймақтарынан қозғалыстың филиалдарын ашу көзделуде. Осыдан соң ұйым Қазақстанның қоғамдық өміріне белсене аралсуды мақсат етеді. Қозғалыс ұйымдастырушылары ел тағдырына бейжай қарамайтын барлық азаматтарды «Ұлы дала» қозғалысын қолдауға шақырады.
Бүгін - «Ұлы дала» қозғалысы қазаның 15 күні өтетін тұңғыш құрылтайына орай Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді. Журналисттермен болған жиынның толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар.