Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі сыйлығына журналистер арасындағы республикалық байқау
БЕКІТЕМІН:
Шығыс Қазақстан облысы
мәдениет басқармасының бастығы
________________ Ж. Омар
«____» тамыз 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі сыйлығына журналистер арасындағы республикалық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Кіріспе бөлім
Ел тарихының алтын дәуіріне айналған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында түрлі қоғамдық институттарды бір арнаға тоғыстырған - бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөліне ерекше тоқтала кеткен жөн.
Бұқаралық түсінік қалыптастыруға бағытталған қазақстандық журналистиканың дұрыс жолдағы идеологиялық әрекеті - барша қазақстандық қоғамның мәдениетаралық байланыс пен қоғамдық келісім орнатуына жол ашты.
Бүгінгі күнгі маңызды міндет - тұрғындар мәдениетін жетілдіру және қоғамды өнердің жоғарғы құндылығына жұмылдыру. Бұл орайда, БАҚ - ең басты дәнекер болмақ.
2. Негізгі ережелер
2.1. Сайыс барлық ел көлемінде баспа және электронды БАҚ редакциялары бойынша жекелеген журналистер, радио/теледидар арқылы немесе бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары жарияланған авторлар арасында жүргізіледі.
БЕКІТЕМІН:
Шығыс Қазақстан облысы
мәдениет басқармасының бастығы
________________ Ж. Омар
«____» тамыз 2011 жыл
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі сыйлығына журналистер арасындағы республикалық байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Кіріспе бөлім
Ел тарихының алтын дәуіріне айналған Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында түрлі қоғамдық институттарды бір арнаға тоғыстырған - бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды рөліне ерекше тоқтала кеткен жөн.
Бұқаралық түсінік қалыптастыруға бағытталған қазақстандық журналистиканың дұрыс жолдағы идеологиялық әрекеті - барша қазақстандық қоғамның мәдениетаралық байланыс пен қоғамдық келісім орнатуына жол ашты.
Бүгінгі күнгі маңызды міндет - тұрғындар мәдениетін жетілдіру және қоғамды өнердің жоғарғы құндылығына жұмылдыру. Бұл орайда, БАҚ - ең басты дәнекер болмақ.
2. Негізгі ережелер
2.1. Сайыс барлық ел көлемінде баспа және электронды БАҚ редакциялары бойынша жекелеген журналистер, радио/теледидар арқылы немесе бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалары жарияланған авторлар арасында жүргізіледі.
2.2. Сайыс материалдары Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнер саласының дамуына арналып, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында өткізілген кең көлемді мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтуы тиіс.
2.3. Сайысты ұйымдастырушы әрі байланысшы - Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы.
3. Мақсаты мен міндеті
3.1. Сайыстың басты мақсаты - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылында Шығыс Қазақстан облысындағы мәдениет пен өнер саласы дамуының жетістіктерін ақпараттық насихаттау.
Сайыс мақсаты: Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнер саласының дамуын, соның ішінде ШҚО мәдениет басқармасы мен өзге де облыстың мәдениет мекемелерінің ұйымдастыруымен өткізілген көлемді қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық іс-шараларды көрсете білген ең үздік БАҚ жұмысын анықтау.
3.2. Міндеттер:
а) тұрғындар мәдениетін, патриотизм мен рухани-адамгершілік құндылықтарды жетілдіруге ықпал ету;
б) БАҚ-ң мәдениет пен өнер саласы дамуының өзекті мәселелерін сомдаудағы рөлін нығайту;
в) журналистердің мәдениет пен өнер саласындағы мәселелерді бейнелеудегі белсенділігі мен кәсіби-шығармашылық деңгейін арттыруға ықпал жасау;
4. Сайыс шарттары
4.1. Үздік журналистік жұмысты анықтау үшін төмендегі журналистік жанрдағы материалдар қабылданады:
- Ең үздік телебағдарлама; |
- Ең үздік радиобағдарлама; |
- Газет/журнал бетіндегі ең үздік жарияланым; |
- Ақпараттық веб-ресурстағы ең үздік мақала; |
- Газет немесе ақпараттық веб-ресурс бетіндегі ең үздік фотосурет. |
4.2. Сайысқа 16 маусымнан - 10 желтоқсан 2011 жыл аралығында журналистердің БАҚ-та жарияланған авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі телебағдарламалар, бейнесюжеттер енеді.
4.3. Сайысқа енетін жұмыстарда материалдың атауы, баспаға немесе телеэфирге шыққан күні мен нөмірі, автордың аты-жөні мен байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, телебағдарламалар мен сюжеттер DVD-дискілерде де қабылданады, олардың ұзақтығы мен қысқаша мазмұны берілуі тиіс. Баспа жұмыстары газет жарияланымдарының көшірмесінен тұратын альбом немесе файлды папкілерден тұруы тиіс.
4.4. Әрбір сайысқа қатысушы тапсырыс парағын ресімдеп, онда: БАҚ атауын, аты-жөнін, СТТН, пошта адресі мен байланыс телефонының нөмірін, сонымен бірге жеке куәлігінің көшірмесін көрсетуі шарт.
4.5. Әр кандидат тапсырыс беріп, сайысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
4.6. Сайыс берілген Ереже жарияланған күннен бастап өткізіледі.
4.7. Сайыс жұмыстары 2011 жылдың 10 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасында қабылданады. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 21; тел.: 8 (723) 270-00-68, 26-30-63
4.8. Келіп түскен материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
5. Сайыс жұмыстарын бағалау
Төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асады:
- мәдениет пен өнер саласында қаралған сұрақтың маңыздылығы мен қоғамдық мәні, халықты облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағыттау, белсенді өмір қалпы, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
- кәсіби шеберлік (орындалған материалдың сапасы, креативтілігі, айғақтылығы, мәнерлілігі, стиль ерекшелігі, тақырып ашу тереңдігі, бұқаралық оқырман қол жетімділігі);
- инновациялылығы, автордың азаматтық ұстанымы;
- сайысқа ұсынылатын мақаланың көлемі кемінде - 150 шаршы см., бейнесюжеттің көлемі - 5-7 мин. болуы тиіс.
6. Сайысты өткізу және қорытындылау тәртібі
1. Сайыс материалдарын қарастырып, номинацияларға бөлу мақсатында арнайы комиссия құрылады.
2. Комиссия мүшелеріне мемлекеттік орган өкілдері, журналистика ардагерлері, үкіметтік емес қоғамдық ұйым өкілдері т.б. енеді.
3. Сайыс қорытындысы комиссия мүшелерімен қарастырылып, бекітіледі.
4. Сайыс комиссиясы сайыс барысында қосымша номинациялар бекітуге құқылы.
5. Сайыс жеңімпаздары әр номинация бойынша сайыс лауреаты дипломы және Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің арнайы сыйлығымен марапатталады.
6. Марапаттау рәсімі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында өтеді.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің сыйлығына «Мәдениет жаршысы - 2011» атты журналистер арасындағы республикалық байқауы өткізіледі.
Сайысқа 16 маусымнан - 10 желтоқсан 2011 жыл аралығында журналистердің БАҚ-та жарияланған авторлық жұмыстары, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі телебағдарламалар, бейнесюжеттер енеді.
Сайыс жұмыстары 2011 жылдың 10 желтоқсанына дейін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасында қабылданады.
Сонымен қатар, сайыс материалдары Шығыс Қазақстан облысының мәдениет пен өнер саласының дамуына арналып, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында өткізілген кең көлемді мәдени-бұқаралық іс-шараларды қамтуы тиіс.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 21; тел.: 8 (723) 270-00-68, 26-30-63 www.culturevko.gov.kz
ОБЪЯВЛЕНИЕ!
Областным управлением культуры организовываются Республиканский конкурс среди журналистов на премию акимата Восточно-Казахстанской области «Мәдениет жаршысы - 2011», посвященной 20-летию Независимости Казахстана
На конкурс принимаются авторские работы журналистов, опубликованные в печатных СМИ, а также видеосюжеты, телепередачи на государственном и русском языках, вышедшие в период с 16 июня по 10 декабря 2011 года.
Также, конкурсные материалы должны освещать развитие сферы культуры и искусства Восточно-Казахстанской области, в том числе крупные культурно-массовые мероприятия, проведенные в Восточно-Казахстанской области.
Конкурсные работы принимаются до 10 декабря 2011 г. в Восточно-Казахстанском областном управлении культуры по адресу: г.Усть-Каменогорск, ул.М.Горького, 21; тел.: 8 (723) 270-00-68, 26-30-63 www.culturevko.gov.kz