Жексенбі, 24 Қараша 2024
2984 6 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 20:37

Бас санитар Бекшин қызметінен кетті

Қазақстанның Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен Бекшин Жандарбек Мұхтарұлы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.

Бірақ ол Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қала береді. Қазіргі таңда ол жұмыс бабымен Алматыда жүр.

Оның орнына департамент директоры Ешмағамбетов Айжан Серікбайқызы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметіне тағайындалды», - деді Диас Ахметшәріп.

Жандарбек Бекшин 2019 жылдың маусым айынан бері Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған.

Кадр из видео

Ал, Бекшиннің орнына Айжан Есмағамбетова Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері болып тағайындалды.

Айжан Есмағамбетова 2017 жылдың қарашасынан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болды. Бұған дейін ол стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры, эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – Қазақстан Бас санитар дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2013-2014 жылдары – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитар дәрігері болған.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691