Жарқын Түсіпбекұлы. «Ұлы даланы» ұлықтар күн жақын
Бүгінде ұлттық, әлеуметтік, мәдени мәселелерді шешуде үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі туралы аз айтылмайды. Сарапшылар тіпті кейбір қоғамдық бірлестіктердің өзі саяси партиялардан да ықпалды деп пайымдайды. Азаматтық қоғам қалыптастыруға ниеттенген елімізде кейінгі жылдары бірнеше үкіметтік емес ұйым тіркеліп, шаруаларын дөңгелетуде. Әрбір сала бойынша маманданған ұйымдар мен бірлестіктер де жоқ емес. Осы айдың ортасында қазақ қоғамына «Ұлы дала» қозғалысы жол тартпақ. Бұл туралы қозғалыс белсенділері өткізген баспасөз мәслихатында аян болды.
«Ұлы дала» жалқы міндеттермен айналыспайды. Салалық та емес. Қозғалыстың мақсаты - қоғамдық мәселелермен күресу. Ақындар мен жазушылар, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері, спортшылар мен соғыс ардагерлерін бір мүддеге жұмылдырған «Ұлы дала» үш жыл бұрын Әділет министрлігінен тіркеуден өткен. Осы уақытқа дейін еліміздің оңтүстік облыстарында белсенділік танытқан қозғалыс енді тұтас республиканы қамтуды көздеп отыр.
Жарылқасын Аманұлы, ақын:

- Үш жыл бұрын жас жігіттердің қолқалауымен осы қозғалыстың құрылуына атсалысқан едім. «Ұлы даланың» өзге қозғалыстардан қарағанда мақсаты биік деп ойлаймын. Ұлттық құндылықтарды сақтап, жаңғырту бағытында біраз мәселені жоспарлап отырмыз. Жуырда қозғалыстың құрылтайында басшылықты жастарға бергелі отырмын. Жастар, өз болашақтарың үшін күресе біліңдер!
Ізбасар Бозаев, кәсіпкер, Алматы сауда палатасының президенті:
- Қозғалыс жалпыұлттық мәселелерді республикалық деңгейде шешуді ойластырып отыр. Біз өз жұмысымызды әрбір ауылдан бастаймыз. Ұлтжанды жігіттердің бастамасымен осындай қозғалыс құрылып отыр. Бізде сонымен қатар аз ұлттардың өкілдері де бар. Әртүрлі этно-мәдени орталықтардың басшылары да идеямызды қолдап отыр. Байбаламмен ештеңе шешілмейтінін қоғам түсініп отыр. Сондықтан тұрақтылықты сақтай отырып, ұлттық құндылықтарымыз үшін жұмыстар атқаратын боламыз.
Автор: Жарқын Түсіпбекұлы
http://www.alashainasy.kz/politics/27949/