Жексенбі, 24 Қараша 2024
2644 2 пікір 24 Наурыз, 2020 сағат 13:43

Майк Помпео күтпеген жерден Ауғанстанға келді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 23 наурызда Кабулға келді. Ол келе салысымен Ауғанстан президенті Ашраф Ганимен кездесті. Енді оның саяси бақталасы Абдулла Абдулламен жүздеседі.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Помпео Ауғанстанға Вашингтон мен "Талибан" қозғалысы арасындағы келісімді құтқару мақсатында келген. Associated Press агенттігінің мәліметі бойынша, мемлекеттік хатшы Гани және Абдулламен жеке-жеке кездескен соң, олармен бірге тағы бір келіссөз өткізеді.

Ауғанстан сайлау комиссиясы 18 ақпанда президент Ашраф Гани сайлауда жеңіске жетті деп жариялады. Дегенмен оның қарсыласы премьер-министр Абдулла Абдулла сайлауда заң бұзушылық болғанын алға тартып, жеңіске мен жеттім деп мәлімдеді.

9 наурызда Кабулда ел президенті қызметіне кірісу салтанаты екі жерде қатар өтті. Президент сарайында Ашраф Гани ант қабылдаса, көрші сарайда Абдулла Абдулла инаугурациясы өтті.

Ақпан айының соңында АҚШ пен "Талибан" қозғалысы Катарда келісімге отырды. АҚШ бұл елдегі жауынгерлері санын 8,6 мыңға дейін қысқартады.

Ашраф Гани мемлекет басшысы қызметіне кіріскен екінші күні "Талибан" қозғалысының бес мың мүшесін түрмеден босатты.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627