Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2668 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:11

7 қазанда Астанада ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуына арналған әдеби кеш өтеді

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ - 7 қазанда Астанада ҚР президенттік мәдениет орталығында қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты әдеби-танымдық кеші өтеді, деп хабарлайды мәдениет министрлігі.

«Кеште Мұқағали жайлы түсірілген кинофильмдерден үзінділер көрсетіліп, Қ. Қуанышбаев ат. Қазақ музыкалық драма театры әртістерінің қатысуымен ақын шығармаларынан театрландырылған көріністер қойылады», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Әдеби-танымдық кешке М.Мақатаев атындағы қордың өкілдері, ақынның замандас достары, М.Мақатаев шығармашылығын зерттеген ғалымдар, өлеңдеріне ән жазған сазгерлер, ақын шығармаларын орындап жүрген белгілі әртістер шақырылып отыр.

Аталмыш шара қазақстандықтарды біріктіретін негізгі фактор ретінде тәуелсіздіктің басты белгісі әрі рухани байлығы болып табылатын ана тілімізді насихаттау, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін асыру және тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал етер ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалін осы әдеби-танымдық кешпен аяқтау жоспарланған, делінген ақпаратта.

Шара сағат 16-да басталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415