«Сарыарқа» ауданының прокуратурасы Ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында воллейболдан жарыс ұйымдастырады
Жастар мен балалар арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, 2011 жылдың 7-8 қазанында Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында «Сарыарқа» ауданының аумағында орналасқан орта оқу орындарының оқушылары арасында воллейболдан жарыс ұйымдастырады.
Аудан прокуратурасы аталған спорттық іс-шараға арнайы буклеттер әзірледі, онда балалардың спорт үйірмелері пен ұйымдарына белгілеу тәртібі түсіндірілген, аудан аумағында орналасқан спорт ұйымдары, секциялар мен клубтар туралы мәліметтер берілген. Сондай-ақ буклетте кәмелетке толмағандардың істері бойынша жұмыс жасайтын мобилді топтың құрамы, жұмыс тәртібі мен координаттары көрсетілген.
Спорттық іс-шара № 56 Орта мектептің спорт залында өткізіледі, мекен-жайы: Астана қаласы, Челюскинцев к-сі 29/1 (№ 4 емхана жанында, Кенесары к-сі - Сарыарқа д-лы).
Жарыстың ашылуы: 07.10.2011 жыл, сағат 14:00.
Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі