Бүгін Астанада «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтеді
Өткізілетін орны: Президенттік мәдениет орталығы
Басталуы: 16.00
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және «Руханият» айының шеңберінде өткізілген Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалін қазақ поэзиясының ақиығы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының мұзбалағы» атты әдеби-танымдық кешпен қорытындыланды.
Шара әдеби-танымдық кеш қазақстандықтарды біріктіретін негізгі фактор ретінде Тәуелсіздіктің басты белгісі әрі рухани байлығы болып табылатын ана тілімізді насихаттау, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеру және тіл мәдениетін жетілдіруге ықпал етер ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.
Кештің негізгі идеясы - ақынның рухымен тілдесу.
Кешке ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Парламенті мен Үкіметінен, М.Мақатаев атындағы қордан, ақынның замандас достары, М.Мақатаев шығармашылығын зерттеген ғалымдар, өлеңдеріне ән жазған сазгерлер, ақын шығармаларын орындап жүрген белгілі әртістер шақырылды.
Кешті Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед кіріспе сөзбен ашты.
Кеш Мұқағали жайлы түсірілген кинофильмдерден үзінділер көрсетуден басталып, ақын шығармаларынан театрландырылған көрініспен жалғасты. Көрініс Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры

әртістерінің қатысуымен қойылды, ақын образын актер Ж.Төленбаев сомдады.
Кешке Алматы қаласынан ақын атындағы халықаралық қордың өкілдері, белгілі ақындар Ф.Оңғарсынова, О.Асқар, Н.Айтұлы, Ш.Сариев, Президенттік мәдениет орталығының директоры М.Жолдасбеков, ақынның ұлы Ж. Мақатаев, «Мұқағали» журналының редакторы Б.Мәжитұлы, сазгерлер Б.Дәлденбай, Т.Рахимов, Л.Әбдіхалықова, Қазақстанның халық әртісі М.Жүнісова, әнші Р.Стамғазиев, Е.Нұржан және т.б. қатысып, ақын жайлы қызықты естеліктер айтылып, шығармаларына жазылған әндер шырқалды.
Байланыс телефондары: 74-05-10, 74-04-56
ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті